Қала құрылысы саласындағы кейбір мамандарды әр 3 жылда сертификаттау жүйесі енгізіледі

    Ел назарында 29 Avgust 2023 1976

    «Әкімшілік реформалар шеңберінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқаруды тиімді ұйымдастыру іс-шаралары туралы» Президенттің Жарлығы (ПФ-114-санды, 27.07.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулыға орай, Ташкент қаласы Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету бас басқармасы мен аудандық бөлімдері Ташкент қалалық әкімшілігінен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігіне өткізіліп, Ташкент қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармасына және аудандық бөлімдерге айналдырылды.

    Сонымен қатар, құрылыс қызметі субъектілерінің (тапсырыс беруші, жобалаушы, мердігер бойынша) міндетті тәртіптегі бақылау шаралары «Жариялылық құрылыс» ұлттық ақпараттық жүйесінің «Құрылыстағы мемлекеттік бақылау» электрондық платформада жүзеге асырылады.

    Қала құрылысы саласында төмендегі санаттағы мамандарды, олардың бағыттары бойынша әр 3 жылда бір рет сертификаттау жүйесі енгізілді:

    2023 жылдың 1 октябрінен бастап:

    - жобаны басқаруды және техникалық бақылауды, сонымен қатар бағыттар бойынша бақылауды жүзеге асыратын мамандар;

    - жобалық ұйымдардың авторлық бақылауын жүргізетін мамандар, сондай-ақ жобаның бас инженерлері мен бас сәулетшілері;

    - мердігер ұйымдардың ішкі бақылауын жүзеге асыратын мамандар;

    2024 жылғы 1 январынан бастап:

    - бақылау өлшемдерін жүргізетін мамандар;

    - сараптама ұйымдарының сарапшылары;

    - көппәтерлі үйлерді басқару органдарының басшылары;

    2024 жылдың 1 апрелінен бастап:

    - аудандық (қалалық) және облыстық сәулетшілері;

    - құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бақылау жүргізу аумақтық инспекцияларының инспекторлары.

    Бұл ретте, мамандарды сертификаттау істерін ұйымдастыру бойынша жұмысшы органның функциясы Министрлік жанынан құрылып жатқан Компетенцияны дамыту институтына жүктеледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates