Әндіжан облысының сайлаушыларымен кездесу өтті

    Сайлау 29 Sentabr 2021 4156

    Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Шавкат Мирзияев 29 қыркүйекте Әндіжан облысының сайлаушыларымен кездесті.

    Кездесуде ӨР Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзияев өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады. Бағдарлама он басым бағытты қамтиды: экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, аймақтық даму, мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, сыртқы саясат және мәдениет.

    Үміткер Әндіжан облысындағы өзекті мәселелер туралы айтып, оларды шешуге және халықтың өмірін жақсартуға қатысты жоспарлары жайлы айтты.

    Тұрғындарға лайықты өмір сүру жағдайын жасау үшін алдағы 5 жылда өңірде 21 мың көпқабатты үй салынады. 5 мың шақырым электр желісі тартылып, 2 мың дана трансформатор орнатылады. Нәтижесінде 350 мыңнан астам үйді, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды электрмен жабдықтау тұрақтандырылады. 420 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

    Атап айтқанда, кәсіпкерлік пен қолөнерді дамыту арқылы 170 мың жұмыс орны ашылуы мүмкін екені сөз болды. Қызмет көрсету саласында 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады және қызмет көлемі үш есеге артады.

    Жалпы, алдағы бес жылда Әндіжан облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына мемлекеттік бюджеттен 40 трлн сум бөлу жоспарланған.

    Инвестициялық және экспорттық әлеуетті жаңа деңгейге көтеру арқылы, алдағы бес жылда құны 8 миллиард доллардан асатын 4500 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.

    Мақсат - аймақтың экспортын төрт есеге арттырып, жылына 2,5 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар экспорттағы дайын және жартылай фабрикаттардың үлесін 42% -дан 76% -ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

    Кездесуде жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы 80 мың жаңа жұмыс орнын ашуға болатыны айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates