Шавкат Мирзияев қарақалпақстандық сайлаушыларымен кездесті

    Сайлау 21 Sentabr 2021 6285

    Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасының Президенттігіне үміткер Шавкат Мирзияев 21 қыркүйекте Қарақалпақстан Республикасының сайлаушыларымен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан Республикасының Президенттігіне үміткер Шавкат Мирзияев өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады.

    Сайлауалды кездесулерімді ең алдымен Қарақалпақстан жерінен бастағаным кездейсоқ емес. Мен бұған дейін де айттым, бүгінде қуана-қуана қайталаймын - мен өзімді қарақалпақ халқының да баласымын деп санаймын, - деді Шавкат Мирзияев.

    Үміткердің бағдарламасы барлық саланы қамтитын он басым бағыттан тұрады. Атап айтқанда, ғылым мен инновацияларға негізделген жаңа экономиканы құру, белсенді бизнес және қаржылық қолдау арқылы кедейлікті қысқаруы, ауыл шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, білім сапасын нығайту, халықтың денсаулығын арттыру, аймақтарды дамыту, халықшыл және адамгершілікті мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру, әділдік пен заң үстемдігін нығайту, ашықтық және прагматикалық сыртқы саясатты қамтамасыз ету, мәдени және рухани салаларды арттыру бойынша жоспарлар белгіленген.

    Соңғы бес жыл ішінде Қарақалпақстандағы өзгерістер айтылды. Онда, өнеркәсіп, қызмет көрсету мен ауылшаруашылығындағы жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 2,5 мың инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Шағын бизнес саны екі есеге артып, 21 мыңға жетті. Осы уақыт аралығында 83 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

    Кездесуде Шавкат Мирзияев келесі бес жылға арналған бағдарламасын айтты. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, кәсіпкерлік үшін қолайлы инфрақұрылым жасау, халықтың және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету, экологияны жақсарту бойынша жоспарлар баяндалды.

    - Біздің сайлау бағдарламамыздағы барлық мәселелер туралы терең және жан-жақты ойлау арқылы мұқият талдап, оларды нақты жүзеге асыру үшін нақты шараларын анықтадық. Бүгінгі кездесуде Қарақалпакстанның тәжірибелі жетекшілері, қарапайым адамдардың өмірін жақсы білетін адамдар, құрметті ақсақалдармен ақылдасып, солардың ұсыныстары негізінде әрі қарай байытуды мақсат еттік, - деді Мемлекет басшысы.

    Кездесу барысында партияның өкілдері сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауында Шавкат Мирзияевті қолдауын сұрап, басқаларды да осыған шақырды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates