Шавкат Мирзияев Науаи облысының сайлаушыларымен кездесті

    Сайлау 13 Oktabr 2021 3500

    Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына үміткер Шавкат Мирзияев 13 қазанда Науаи облысының сайлаушылармен кездесті.

    Сайлаушылармен кездесуді үміткердің облыстағы сенімді өкілі Өзбекстан Батыры Қуандық Санақұлов жүргізді.

    Кездесуде Шавкат Мирзияев өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады.

    Үміткердің бағдарламасында елдің жан-жақты дамуы, заң үстемдігі, бейбітшілікті нығайту бойынша он бағыт анықталған. Атап айтқанда, аудандар мен қалаларды, ауылдар мен махаллаларды дамытудың бес жылдық жоспары орын алған болып, онда Науаи облысының үлкен әлеуетін пайдалана отырып, тұрғындарға лайықты өмір сүру жағдайын жасау жоспары бар.

    Ең алдымен, халықты кәсіптік оқыту бойынша шаралар талқыланды. Осы мақсатта Науаи тау-кен институтының базасында 15 мыңға жуық студенттері бар политехникалық университет құрылады. Жалпы алғанда, алдағы бес жылда 60 мыңға жуық жұмыссыздар мен жастар кәсіби және іскерлік дағдыларға ие болады.

    Президенттікке үміткердің бағдарламасында экономикалық дамуды, жұмыс орындарын құру мен экспорт көлемін арттыру негізгі басымдық ретінде белгіленген. Атап айтқанда, алдағы бес жылда Науаи облысында 9 миллиард долларға 2200 инвестициялық жобаны іске асыруды және 75 мың жаңа жұмыс орнын құруды жоспарланған.

    Олардың ішінде жалпы құны 3,4 миллиард доллар болатын газ-химия технологиялық кластер құру және құны шамамен 3 миллиард доллар болатын жеті электр станциясын іске қосу көзделген.

    Тоқыма өнеркәсібіндегі 120 ауқымды жобаның нәтижесінде 27 мың жаңа жұмыс орны, ал былғары мен аяқ киім өнеркәсібінде 68 жобаның нәтижесінде 13 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Тау-кен өнеркәсібінде 7000-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 52 жоба жүзеге асырылатын болады.

    Жалпы, алдағы 5 жылда іске қосылған қуаттылықтың арқасында өңірлік экспорт көлемі 6 есеге артып, 900 млн долларға жетеді.

    Өңірде кәсіпкерлікті қолдау арқылы 70 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ол үшін әр махаллаға әкімнің көмекшісі бекітіліп, тұрғындарға ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау көрсетіледі. Отбасылық кәсіпкерлік бағдарламалары аясында жыл сайын 500 миллиард сумнан астам қаржы бөлінеді.

    Жалпы, алдағы 5 жылда Науаи облысының экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін Мемлекеттік бюджеттен 40 триллион сум бөлініп, барлығы 180 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates