Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің екінші жалпы отырысына қатысты

    3 мамырда «Куксарой» резиденциясында Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің екінші жалпы отырысы өтті.

    Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен шараға Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, «Masdar», «Indorama», «ACWA Power», «Air Products», «Çalik», «Suez», «Orascom», «Çengiz», «Aksa», «HP», «Linde», «Procter&Gamble», «Visa», «CAMCE», «John Deere», «Huawei», «Airbus», « Orano», «Сommerzbank», «Total», «PASHA Holding» сияқты жетекші компаниялар мен банктердің жетекшілері, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық қаржы корпорациясы, Азия даму банкі, Ислам Даму Банкі және Халықаралық Ислам Сауда және Қаржы Корпорациясының өкілдері қатысты.

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұжымы қолға алып жатқан инвестициялық саясатты талдау өте маңызды екені, бұл жобаның Өзбекстандағы инвестициялық ортаны және де жақсартуда негізгі бағыттарды анықтауға және одан әрі жетілдірудің тиімді тетіктерін жасауға қызмет ететіні атап өтілді.

    Үкімет пен инвесторлар арасында ашық әрі тиімді диалог орнату экономиканың тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өткен Мемлекет басшысы нақты бағыттар бойынша жұмыс топтарын құруды ұсынып, кеңестің алдағы уақыттағы қызметінің басым бағыттарын көрсетті.

    Бүгінгі таңда әлемдік экономикадағы тұрақсыздық күшейіп, энергетика, азық-түлік салаларындағы және экологиялық жүйедегі дағдарыстар ушығып бара жатқаны айтылды.

    – Осындай қиын жағдайда сіздермен ақылдасып, нақты іс жүзіндегі қадамдар жасасақ, көздеген биік мақсаттарға жететініміз сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұжымы қолға алып жатқан инвестициялық саясатты талдау өте маңызды екені, бұл жобаның Өзбекстандағы инвестициялық ортаны және де жақсартуда негізгі бағыттарды анықтауға және одан әрі жетілдірудің тиімді тетіктерін жасауға қызмет ететіні атап өтілді.

    Үкімет пен инвесторлар арасында ашық әрі тиімді диалог орнату экономиканың тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өткен Мемлекет басшысы нақты бағыттар бойынша жұмыс топтарын құруды ұсынып, кеңестің алдағы уақыттағы қызметінің басым бағыттарын көрсетті.

    Бірінші, капитал нарығын дамыту. Осы бағытта шетелдік инвесторлардың талаптарына толық жауап беретін халықаралық қаржы орталығын дамыту мақсатында отандық және шетелдік капиталды тартуға баса назар аудару ұсынылды.

    Екінші, жауапкершілікті бизнес жүргізу. Осыған байланысты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының экономиканың тұрақтылығын, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті қағидаттарын кеңінен енгізу кезек күттірмейтін міндет.

    Үшінші, балама инвестицияларды ынталандыру. Стартаптарды, инновациялық жобаларды, бірлескен инвестицияларды арттыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Венчурлық инвестициялар туралы» жаңа заң әзірленеді.

    Төртіншіден, инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін цифрландыру.

    – Шетелдік инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы барлық қызметтерді жүзеге асыру үшін тамаша электронды платформаны әзірлеп, кеңінен енгізудің уақыты келді деп ойлаймын. Бұл инвесторларды мазалаған күрделі мәселелерді дер кезінде және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

    Кеңес мүшелерінің қолдауы арқылы Өзбекстан алдағы уақытта да қарқынды өсуді көрсетіп, халқымыздың өмір сүру деңгейін арттырып, еліміздің гүлденген болашағын қамтамасыз ететініне сенім білдірілді.

    Сөзге шыққандар Жаңа Өзбекстандағы кең ауқымды реформалар бағдарламасын жоғары бағалады. Мемлекет басшысына инвестициялық қызметке жан-жақты қолдау көрсетіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға бел байлағаны үшін алғысын білдірді.

    Жиын соңында Мемлекет басшысы қатысушылар тарапынан айтылған барлық бастамалар мен ұсыныстар толығымен ескерілетінін айтты. Үкіметке барлық ұсыныстарды мұқият зерделеп, олардың орындалуын қадағалау тапсырылды.

    Әрбір ұсынылған жоба бойынша жеке «жол картасын» қабылдау тапсырылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates