Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Президенттер Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қарауыл алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-бірлеріне таныстырды.

Содан кейін Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздер жүргізді.

Шынайылық пен сенім рұхында өткен кездесуде Мемлекет басшылары көп қырлы өзбек-қазақ серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Өзбекстан басшысын осы сапарымен құттықтап, Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен тағы да құттықтады және алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

– Сіздің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңізге өте қуаныштымыз. Бұл шара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде өте маңызды. Бүгін қол қойылатын құжаттар пакеті серіктестігімізге қосымша серпін береді. Біздің елдердің үкіметтеріне барлық күш-жігерді алға қойған мақсаттарға жетуге жұмылдыру міндетін беруге келісіп алдық. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар бүкіл Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болады деп сенеміз.

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылығын білдірген Мемлекет басшысы кездесудің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын айтып, Өзбекстан халқының атынан бауырлас қазақ халқын осы мерейтоймен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, амандық және жаңа жеңістер тіледі.

Қазақстан бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ұлы жасампаздықты жалғастырып, тұрақты даму жолын сенімді түрде жалғастырып жатқаны атап өтілді.

– Соңғы жылдары біз ынтымақтастығымызды толықтай қайта құрдық, бүгінде бірлескен күш-жігеріміздің алғашқы елеулі нәтижелеріне куә болып отырмыз. Өзбекстан мен Қазақстан табиғи экономикалық әріптестер. Біздің экономика бәсекеге түспейді, бірін-бірі толықтырады. Екіжақты тауар айналымы артып келеді. Биылғы жылы тауар айналымы рекордтық 4 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі артуда. Ұшулар толығымен қалпына келтірілді, жаңа бағыттар ашылып жатыр. Біздің жетекші кәсіпорындар ынтымақтастықты табысты түрде кеңейтуде. Соңғы жылдары экономиканың барлық дерлік салаларында бірлескен кәсіпорындар мен жобалардың саны алты есеге өсті, – деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан Президентінің сапары қарсаңында Түркістанда Үкімет басшыларының төрағалығымен Үкіметаралық комиссияның отырысы және Өңірлік форум өтті. Күні кеше Қазақстан астанасында бірлескен бизнес-форум сәтті өтіп, осы шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 6 миллиард долларды құрайтын келісім-шарттарға қол қойылды.

Өзбекстан мен Қазақстан БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ЭЫҰ, Түркітілдес мемлекеттер ұйымы және басқа құрылымдар аясында да белсенді ынтымақтастықта.

– Бүгін біз екіжақты стратегиялық серіктестікті одақтастық қатынастар деңгейіне көтеру туралы тарихи шешім қабылдаймыз. Бұл біздің елдеріміз үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл аймақтың дәйекті дамуы, тұрақтылығы мен гүлденуі үшін де үлкен маңызға ие болады», - деді Өзбекстан Президенті.

Кездесуде екі ел басшылары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға бел байлағандарын растады.