Мемлекет басшысы облыстағы сапарын Қаршы ауданындағы Әбу Муин Насафий кесенесін зиярат етуден бастады.
XI ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл, Матуриди ілімдерінің ізбасары ақида ғылымының ғалымы ретінде діннің тазалығын сақтап, адасқандарға ағартушылық жұмыстармен жол көрсеткен. Бірақ көп жылдар бойы оның мұрасы да, кешен де назардан тыс қалған болатын.
Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен ғалымның кесенесі қазірде абатты, алып зират мекеніне айналды. Облысқа жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы мұндағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мұнда қазір жаңа мешіт, мұражай, кітапхана мен әкімшілік ғимараттар бой көтерген болып, атырапта ағаштар, гүлдер отырғызылып, әдемі бақ салынған.
Президент жаңа мешіт пен мұражайды аралады. Мұражайда Әбу Муин Насафидің өмірі мен шығармашылығын мультимедия құрылғылары арқылы көрсетілуде. Ежелгі Самарқанд қағазына жазылған Құранның түпнұсқасы мен матаға жазылған қасиетті аяттар да осында сақталуда.
Шавкат Мирзияев ғалымның еңбектері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын, олардың мәнін халқымыз бен жастарға жеткізу керектігін айтты. Осы мақсатта Қаршы мемлекеттік университетінде Әбу Муин Насафи атындағы ғылыми орталық құру ұсынылды.