Шавкат Мирзияев Қазақстан СІМ басшысын қабылдады

    Билік 16 Iyul 2021 3231

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қауіптер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясына қатысып отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.

    Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

    Көрші елдің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Осы кездесуде болашақ жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық көру, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық жобалар мен өзара тиімді ынтымақтастық бағдарламаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер және тамыз айының басында Түркіменстанда өтетін кезекті Орталық Азия саммитіне дайындық мәселесі де талқыланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates