Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияға қол қойды.

Сонымен қатар, екі елдің үкіметтері, министрліктер мен ведомстволар деңгейінде Өзбекстан-Түркіменстан көпжақты ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттар, олар қатарында:

- Өзбекстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы саяси диалог, парламентаралық, сауда-экономикалық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған практикалық іс-шаралар жоспар;

- Екіжақты сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту туралы келісім;

- Өзбекстан Республикасы мен Түркіменстан аумақтарындағы сауда үйлерінің қызметін реттеу туралы келісім;

- Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім;

- Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша практикалық шаралар жоспары;

- Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеу туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ электр энергетикасы, кеден ісі, ветеринария және мал шаруашылығы, кинематография және басқа да салалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.