Биыл Біріккен Араб Әмірліктерінің «Masdar» және Францияның «Total Eren» компаниялары Науаи мен Самарқандта әрқайсысының қуаты 100 мегаватт болатын күн фотоэлектр станциялары іске қосады.
Шерабад ауданында осындай заманауи станцияның бірін салуға тендер жарияланып, оны өткізуде Азия Даму Банкі техникалық және қаржылық кеңес берумен қатысты.
Жобаны жүзеге асыруға 50-ден астам халықаралық компания ниет білдірген болып, екі кезеңдік конкурс бойынша БАӘ-нің «Masdar» компаниясы ең төменгі тарифті ұсына отырып жеңіске жетті.
Күн фотоэлектр станциясының құрылысы үшін 601 гектар аумақ бөлінген. Тендерде жеңіске жеткен БАӘ компаниясы 260 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тартпақ. Станцияның жылдық өндірістік қуаты 1,04 млрд кВт\сағ құрайды. Нәтижесінде жыл сайын 340 млн текше метр табиғи газ үнемделіп, 300 мың үй электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Станция 2023 жылдың тамызында пайдалануға беру жоспарланған және онда 120 маман жұмыс істейтін болады.
Мемлекет басшысы атаулы аумаққа барды және күн электр станциясының құрылысына байланысты оның іргетасына капсула салды.
«Электр энергиясын киловатт-сағатына 1,8 центтен сатып алу мүмкіндігі пайда болады, бұл республика экономикасы үшін үлкен жетістік және тұрғындар үшін жеңілдік. Жалпы, электр қуатын және жаңа инфрақұрылымды өндіретін бұл станцияның құрылысы аймақтың кешенді дамуына үлкен серпін болады, - деді Мемлекет басшысы.
Бұл жоба Өзбекстан Үкіметі Азия Даму Банкінің қолдауымен жүзеге асыратын, жалпы қуаттылығы 1 ГВт болатын күн фотоэлектрлік электр станцияларын салу бағдарламасының бөлігі болып табылады.
2030 жылға қарай Өзбекстанда күн электр станцияларының қуатын 5 мың мегаваттқа дейін, жел электр станцияларын 3 мың мегаваттқа дейін және гидроэлектростанцияларды 4 мың мегаваттқа дейін арттыру жоспарланған.