Бүгін республикада ауа температурасы 30-33 градус, оңтүстікте 39-41 градус салқын ауа райы сақталады.
27-30 июнь аралығында ауа температурасы аздап көтеріліп, 34-37 градус оңтүстікте 39-41 градус шамасында болады.
Тек сенбі және жексенбі күндері, 1-2 июлінде Өзбекстан аумағына ыстық ауа кіріп келуі күшейеді, күндізгі температура қайтадан 38-40 градус, оңтүстікте кей жерлерде 42 градусқа дейін көтеріледі.
Осы аптаның соңына дейін республикада күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді, тек Ферғана аңғарының аумақтарымен шекаралас тау бөктерінде және таулы аймақтарда, 26-28 июнь күндері кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
26 июньде солтүстікте, 27-29 июньде республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 13-18 м/с-ге дейін күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң көтерілуі мүмкін.
Астанамызда ауа райы аздап бұлтты болады, мезгіл-мезгілімен құбылады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыс бағытындағы жел баяу еседі. Бүгін ауа температурасы күндіз 32-34 градус, 27-30 июнь күндері 34-37 градус, 1-2 июль күндері 37-40 градус болады, деп хабарлайды Узгидрометеорологиялық қызметтің орталығы.