Синьхуа университетінде өткен кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және алдағы жоспарлар жөнінде пікір бөлісті. Атап айтқанда, Синьхуа университетімен және Өзбекстан жоғары оқу орындарымен зерттеулер, біріккен білім беру бағдарламалары мен ғылыми шараларды өткізу талқыланды.
Тараптар Синьхуа университетінің Өнер және дизайн академиясының маңыздылығын да талқылады. Атап айтқанда, К.Каримов академияның мамандарын даярлаудағы тәжірибесі Өзбекстанға да тиімді болатынын айтып, Ташкентте академия орталығын ашуды ұсынды. Тараптар осы мәселе бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Кездесу соңында Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі жанындағы Инновацияларды енгізу және технологиялар трансфері ұлттық офисімен және Синьхуа университетінің Стандарттау және технологиялар трансфері орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрігінің баспасөз қызметі.