Президент сыйлығы табыс етілді

    Іс-шаралар 30 Iyun 2022 1706

    Сырдария облысы, Хавос ауданы, «Ховасабад» махалласының тұрғыны Одинахан Абдулхамидова 12 жасқа енді ғана толды.

    Ол Республикалық балалар гематологиясы, онкология және клиникалық иммунология орталығында ем қабылдап келеді.

    Жуырда ол Президент Шавкат Мирзияевтың осы орталыққа іссапары қарсаңында Президентке хат жолдаған болатын.

    Ол өз хатында Балалар гематологиясы, онкология және клиникалық иммунологиясы орталығында балалар және өз атынан осы дертке шалдыққан балалардың денсаулығын қалпына келтіру, оларға үлгілі медициналық қызмет көрсету мақсатында жасалып жатқан жағдай үшін Президентке алғысын айтып, балаша тілегін білдірді.

    Хатта жазылуынша, «болашақта аспаз болуын, музыка мен суретке қызығып, орыс тілін жетік меңгеріп, дәрігер болуы үшін компьютер сыйлық сұраған.

    Оның тілегі орындалды. Президент оған ноутбук сыйлады.

    Сонымен қатар сырдариялықтар атынан облыс әкімі де оқу құралдары мен оқулықтар, қосымша сыйлықтарды сыйға тартты.

    — Қызым 3 жасында өткір лимфобластикалық лейкозбен ауырып қалды, - дейді Одинаның анасы Дилдора Абдусаматова. – Сырдариялық дәрігерлерге жүгіндік. Олар бізді осы орталыққа жіберді. Қызым осы орталықта 9 жылдан бері емделіп келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын қазіргідей жағдай қайда? Қазір бұл орталықтың келбеті мен жағдайы мүлдем өзгерді. Заманалық медициналық құрал-жабдықтар, озық технологиялар жаңарды. Онда емделіп жатқан балалар ғана емес, олардың мен сияқты ата-аналары да риза. Ең бастысы, Президенттің осы орталыққа барған кездегі әр баламен, олардың аналарымен сұхбаттасуы, әкелік ақыл-кеңесі мен нұсқауы, сонымен қатар шет елден ең үздік мамандарды әкеліп, емдету туралы жылы сөздері маған және қызыма күш болды. Қызым қазір үйде, ұстаздардан сабақ алуда, орталықта ұйымдастырылған «Мейірімді балалар» арнайы мектебінде өзі қызыққан пәндерден білім алуда. Сабақ үлгерімі жаман емес. Ең бастысы, мен оның сауығып, өзінің қалағанындай жақсы аспаз немесе дәрігер болғанын қалаймын.

    Бұл үшін ең алдымен Президентімізге алғыс айтқым келеді. Өйткені қызымның денсаулығын қалпына келтіруге, емделуге, өзі қызыққан жаттығулар үшін барлық жағдайларды жасап берді.

    Хавосабадтық Одинаның екі әпкесі мен ағасы бар. Олармен ойнап, жүгіріп, мектепке барғысы, қатарластары сияқты білім алғысы келеді.

    Алайда ауруына байланысты үйде, орталықта өзі сияқты балалармен бірге оқиды.

    Бүгінде оның қуанышында шек жоқ. Оның ниеті орындалды. Оған Президенттің сыйлығы табыс етілді.

    – Басында сенбедім. Хатыма жауап беріп, ноутбукты сыйға бергеніңіз үшін көп рахмет. Сәті түсіп, сауығып аяққа тұрсам, бұл жақсылығыңызды міндетті түрде біліміммен, еліме деген адалдығыммен қайтарамын, Президент баба, – деді Одинахан Абдулхамидова.

    Ғұлам Примов,

    Сырдария облысы

    Денсаулық сақтау басқармасының

    баспасөз хатшысы.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates