Бірақ, Республикалық балалар ортопедиялық орталығының директоры Акбар Тиляковтың айтуынша, жүктіліктегі 5 түрдегі ортопедиялық ақауларды скринг тексерулер арқылы анықтау қиын екенін айтты.
Оларды нәресте туылғаннан кейін дереу емдеу керек. Әйтпесе, бұл ақауларды емдеу үшін шұғыл емшаралар қажет болады.
Сонымен олар қайсылар?
Жамбас-сан дисплазиясы,
- мойынның туа біткен қисаюы,
- туа біткен маймақтық,
- туа біткен склеоз,
- кеуде қуысының деформациясы.
Ана құрсағындағы баланың ақауларын анықтау мүмкін емес. Өйткені баланың шын мәнінде мойны немесе омыртқасы қисық па, әлде қисық жатыр ма, оны білу мүмкін емес. Бала туылғаннан кейін ғана олар анық көрінеді.
– Бұл ауруларды нәресте екі айға толғанға дейін жою керек, – дейді А.Тиляков. – Өйткені бұл кезеңде оның сүйектеріндегі ақауды түзету оңайырақ. Одан кейіншелік сүйектердің қатаюы нәтижесінде емдеу әдісі ретінде ота жасау ұсынылады.
Сондай-ақ маман мұндай ауруларды ерте анықтау мен емдеудің тиімділігін арттыруды ұсынды:
Барлық жаңа туған нәрестелер 2 айлық болғанда емханаларға бірінші рет вакцинациялау үшін әкелінеді. Мұнда оларды педиатр медициналық тексеруден өткізеді. Біздің ұсынысымыз, сәбилерді педиатрмен бірге невропатолог пен ортопедке де қарату керек. Сонда біз олардағы ортопедиялық ауруларды ерте анықтап, жоя аламыз. Біз операциялық емдеуге кететін артық ақша жұмсаудың және қиындықтың алдын алған боламыз.
Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.