Физиалогиялық және цифрлық жарыстарды біріктіретін жаңа форматтағы бұл мультикешенді ойындар әлемдік спортта жаңа дәуірді бастап берсе ғажап емес. Сол күндері Татарстан астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың назарында болады.
Байқаулар 21 инновациялық бағыт бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтірілген бағдарлама) өткізіледі. Олардың әрқайсысы «фижитал» (физиологиялық және цифрлық) ұғымын смпаттайды, яғни физиологиялық қозғалыс пен киберспортты бірлестіреді. Жеңімпаз спортшылардың екі бағдарламадағы нәтижелердің жиынтығы бойынша анықталады.
Айта кетерлігі, осы халықаралық жарыста еліміздің намысын виртуалды велоспорт, спорттық бағдаламалау, фижитал-хоккей және фижитал-жарыс сияқты 4 спорт түрінің өкілдері қорғайды.
Спортшыларымыз бұл сайысқа дайындықты түрлі елдерде жүргізуде. Мәселен, хоккейшілеріміз Ресейде, ал велоспортшыларымыз Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Жарысқа бірінші болып қатысатын біздің фижитал-хоккей командамыз 14 февальда Қазан қаласына барады. Делегацияның негізгі бөлігі 20 феварльда Татарстанға барып, 21 февральда жоспарланған ашылу салтанатына қатысады. Жарыстарға салыстырмалы түрде кейінірек кірісетін фижитал-велоспорт ұжымы 22 февральда Түркиядан тікелей Қазан қаласына ұшып келеді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.