Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға карантин ережелеріне қатаң мойынсұнуға, жиналмауға шақырды

    Қауіпсіздік 14 Iyul 2021 1485

    Бірнеше күн алдын Өзбекстанда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша Республикалық арнайы комиссия эпидемиологиялық жағдайда елімізде барлық түрдегі бұқаралық мерекелік шаралар, спорт жарыстары, сондай-ақ концерт, фестиваль, театр және кино бағдарламалары уақытша тоқтатылатыны хабарланған еді.

    Бұдан тыс, 50 адам бір жерде, бір уақыттың өзінде жиналмауын айтылуда.

    1 августан бастап тойханаларда жанұялық мерекелер, той, мереке және жиындарды тек 50 адамнан көп болмаған және санитариялық және гигиеналық талаптарға қатаң мойынсұнған жағдайда өткізуге рұқсат берілген. Осы іс-шаралардың барлығы бір мақсат — тұрғындар денсаулығын сақтауға бағытталған.

    Бірақ соған қарамай, кейбір жағдайларда карантин ережелері мен шектеулері өрескел бұзылған жағдайлар да байқалуда.

    Сондай-ақ, 13 июль күні Ташкенттегі Әмір Темір алаңында Instagram және Youtube әлеуметтік желілерде “Субо” атымен танылған ресейлік блогер С.Мамедовті күтіп алу үшін 150-200 жуық жастар жиналған. Әлеуметтік желілер мен интернет сайттарында таралған осы көріністі көрсетілген бейнеүзінділерден көру мүмкін, бұл жиынға қатысқан жастар тарапынан елімізде орнатылған әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу сияқты карантин ережелеріне мойынсұнбаған.

    Айтар болсақ, бұл жағдай коронавирус инфекциясының тағы да кең таралуына және эпидемилогиялық жағдайдың одан әрі қиындауына әкелуі мүмкін.

    Аурудың жаңа штаммдары тез жұғу, жедел дамуы және жасырын түрде ағзаны күшті жарақаттау байқалуда. Адам өз ағзасында болып жатқан үдерісті сезбей қалуы да мүмкін.

    Сондықтан, барлық азаматтарды карантин ережелері мен шектеулер, санитариялық және гигиеналық талаптарға қатаң мойынсұнуға, көпшілік жиналмауға шақырамыз.

    Ата-аналар өз перзенттеріне бұл жөнінде түсіндірулері, көпшілік жиналған жерлерде ұзақ уақыт болмауға назар аударуын сұраймыз.

    Өйткені, немқұрайдылық өзіміз бен туыстарымыздың денсаулығына қауіп төндіруі, “COVID-19” инфекциясын еліміз тұрғындары арасында одан әрі кең таралуына себеп болуы мүмкін.

    Есте сақтаңыз: Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкерлік туралы кодесіне сәйкес, эпидемияларға қарсы күрес ережелерін бұзуға тиісті тәртіпте жауапкершілікке тартуға себеп болады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates