Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастар одан әрі нығая түседі

    Үстіміздегі жылдың 2 февралінде Өзбекстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Еуразия үкіметаралық кеңесі мен цифрлық форумға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Алматы қаласына барды.

    Сапар аясында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен екі ел үкіметтері делегацияларының кездесуі өтті.

    Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастары достық, тату көршілік және өзара құрмет рухында қарқынды дамып келе жатқаны, Елдеріміздің басшылары көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттерді белгілеп бергені айтылды.

    Өзбекстан мен Қазақстан арасында барлық салаларда оң өсу динамикасы байқалуда.

    Атап айтқанда, өткен 7 жылда тауар айырбастау көлемі 2 еседен астам өсті.

    Экономиканың түрлі салаларында маңызды біріккен жобалар жүзеге асырылуда.

    Көлік және энергетика саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай деңгейде жанданды.

    Аймақаралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық одан әрі кеңейіп келеді.

    Кездесуде күн тәртібіндегі осы және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының үкімет порталы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates