Сақтандырудың барлық түрлері электронды түрде жүзеге асырылады

    Цифрландыру 25 Oktabr 2021 1644

    2021 жылы 23 октябрьде «Сақтандыру нарығын цифрландыру мен өмірді сақтандыру саласын дамытудың қосымша іс-шаралары туралы» Президенттің №101-санды қаулысы қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың 1 июнінен бастап сақтандырудың барлық түрлеріне (сыныптарына) электронды түрде жүзеге асырылуына рұқсат беріледі.

    2023 жылғы 1 январьдан бастап міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру полистерін қағаз түрінде тіркеу тәжірибесі жойылады.

    2022 жылғы 1 январьдан бастап 2025 жылғы 1 январьға дейін өмірді сақтандыру саласындағы сақтандыру ұйымдары қызметінің осы бөлігі үшін табыс салығы бойынша белгіленген салық ставкасы 50%-ға төмендетіледі.

    2022 жылдың 1 январьдан 2024 жылдың 1 январына дейін Өзбекстанда сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға жұмыс беруші жазатайым оқиғалардан сақтандыру және қызметкерлерінің денсаулығын сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру шарттары негізінде аударылған қаражат жеке тұлғалардың жалпы табысы болып саналмайды.

    2022 жылдың 1 июнінен дейін көлік құралдары иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе негізінде барлық сақтандыру полистерін тіркейтін және олардың айналымын бақылайтын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізіледі.

    Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы Сақтандыру келісімшарттарын тіркеу сақтандыру ұйымдарының міндеті болып табылады.

    2022 жылдың 1 июлінен бастап инфляцияға байланысты мемлекеттік құнды қағаздар шығарылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates