«Synergy Consulting» компаниясы жаңа болашақ жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық жасайды

    Үстіміздегі жылдың 9 октябрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінде министр Лазиз Кудратов “Synergy Consulting” (АҚШ) компаниясының басқарушы серіктесі Анкит Чатурведимен кездесті.

    Сұхбатта Өзбекстан Республикасында жаңа болашақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ірі шетелдік компанияларды тарту мақсатында ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары талқыланды.

    Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, металлургия, фармацевтика, химия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру аясында шетелдік компаниялармен ынтымақтастық байланысты кеңейту мүмкіндіктері туралы сындарлы пікір алмасылды.

    Компания өкілдері ірі шетелдік компанияларды еліміз базарына белсенді тарту мақсатында талқыланған жоба бастамалары мен Өзбекстанда жасалған инвестициялық жағдайлар туралы мәліметтерді жеткізуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Synergy Consulting Infrastructure and Financial Advisory Inc. қаржылық және корпоративтік консультациялық қызмет көрсету саласындағы жетекші компаниялардың бірі саналады. Ол 80-нен астам елде жұмыс істейді. Компания Өзбекстанда экономиканың түрлі салаларында 30-дан астам жобаны жүзеге асыруға көмек көрсетті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates