Сөз бен іс бірлігі Президент саясатының үстем бағыты

    Ел назарында 23 Iyul 2021 154

    Өткен ғасырдың сексенінші жылдардың ортасында “Узбекистон адабиети ва санъати” газетінде Арал теңізінің тартылуы туралы бір беттік мақала жарияланған болатын. Шыңғыз Айтматов басшылығындағы өз дәуірінің ұлы жазушы мен ғалымдары, қоғам қайраткерлері осы мақала арқылы мемлекет пен әлем халқын бірінші рет осы алдағы апаттан ескерткен тұғын. Сол кезде Арал халқы бүгінгідей нашар күйге түспеген, бірақ оны осындай аянышты жағдай күтіп тұрғаны мәлім еді.

    1960 жылдарға дейін Арал әлемнің төрт ең ірі ішкі су хауыздардың бірі болған. Онда балықтардың сирек кездесетін түрлері жасаған және олар әлем ғылыми жұртшылығында үлкен қызығушылық оятқан. Сонымен қатар, теңіз қоршаған ортаға, климатқа, адамдарға, сондай-ақ жануарлар әлемінің өміріне жақсы әсерін тигізген.

    Кейінірек Арал проблемасы сол кездегі орталық баспасөз — Мәскеудегі баспасөздерде де тілге алынған. Ғалымдар жағдайды үйреніп, шынында да, теңіздің құрғап қалуы жаман салардарға әкелетінін, құм және тұз бораны мыңдаған километрге жетіп баратынын айтты. Сол кезде кейбір ғалымдар Солтүстік мұзды мұхитқа ағып кеткен Сібір дарияларын Орталық Азияға бұру идеясын ортаға тастаған. Керек десеңіз, сол негізінде түрлі жобалар жасалды. Бірінші канал қазып әкелу ұсынысы жасалды. Кейінірек бұл жоба Сібір мен Қазақстан табиғатын өзгертіп жібереді, сондықтан суды жабық құбырлар арқылы әкелу қажет деген ұсыныстарды алға тартқан. Бірақ бұл жобаларды жүзеге асыра алмады. Орыс жазушы- ғалымдары, зиялылары оған тіс-тырнағымен қарсы шықты. Идея идеялығынша, жоба жобалығынша қалып кетті. Арал болса, шегінуін жалғастырды.

    Өткен ғасырдың 90- жылдарының басында кеңес үкіметі ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Бірақ Арал проблемасы әрдайым күн тәртібінде тұрды. Сонымен қатар 1993 жылдың январь айында Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан ынтымақтастығында Аралды құтқару халықаралық қоры құрылды. 2008 жылы БҰҰ ынтымақтастығында Ташкентте “Арал проблемалары, олардың тұрғындардың генофондына, өсімдік және жануарлар әлеміне әсері мен салдарын жеңілдету үшін халықаралық ынтымақтастық іс-шаралары” тақырыбында, 2014 жылдың октябрь айында Үргеніште “Арал теңізі аумағындағы экологиялық апат салдарын жұмсарту бойынша ынтымақтастықты дамыту” тақырыбында халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Сонымен, теңіз трагедиясы әрдайым жұртшылықтың назарында тұрады. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары аталмыш мәселеде кездесті, кейбір келісімдерге қол жеткізді, қаулылар қабылданды. Бірақ бұл кездесулермен , келісім және қаулылармен теңіз толып та қалмады, олардың дерті де жеңілдемеді. Осындай жағдайда 25 жылдан көп жасадық. Демек, сонша жылдардан бері теңіз түбінен жылына миллиондаған тонна құмды және тұзды шаң-тозаң ауаға көтеріліп, бұлттарға араласып, мыңдаған километрге дейін жетіп барды.

    Дұрыс, теңізді тағы да суға толтыру бұл өте қиын мәселе, шынын айтар болсақ, орнына келмейтін жұмыс. Бірақ бір кездері тартылған теңіз бойында жасаған халықты, тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, олардың адамға ұқсап өмір сүруіне жағдай жасау мүмкін еді ғой. Елу жыл бұрын өмір қайнаған, теңіз толқыны жағалауды шайып тұрған Мойнақ қаласы мен оның айналасындағы ауылдар өлік аумаққа айналуға келіп қалған, адамдар үйлерін тастап кете бастады.

    Мемлекетіміз басшысы Шавкат Мирзияев Президенттікке сайланған күннен бастап осы проблеманы шешуге кірісті. Өйткені бұл Арал бойында жасаған халықтың дерті, тәшпіші, керек болса қасіреті еді. Бірінші кезекте, су тартылып шөлге айналған жерлерге шөлге шыдамды егін егу басталды. 2018-2020 жылдардың көктем маусымында жалпы 1,6 миллион гектар “жасыл желектер” құру істері жүзеге асырылды.

    Сала ғалымдарының айтуынша, Аралбойы аумағына егілген 2 жылдық сексеуілдер желдің әсерінен құмның көшуін 20 пайызға, 5 жылдық сексеуілдер 80 пайызға, ал 7 жылдық сексеуілдер толық тоқтатады екен. Нәтижеде аумақта климат қалыптасады, құмдар мен тұздардың ауаға көтерілуі тоқтайды. Ең маңыздысы, адамдардың жасауы үшін әлеуметтік-экономикалық орта тұрақтандырылады.

    Президенттің 2020 жылдың 11 ноябріндегі “2020-2023 жылдарда Қарақалпақстан Республикасын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуыту іс-шаралары туралы”, Министрлер Кабинетінің 2019 жылдың 16 январындағы “Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ ауданы кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту іс-шаралары туралы” қаулылары, сондай-ақ, 2019-2021 жылдарда Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ ауданын жедел комплекс әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасының қабылдануы Аралбойы тұрғындарының өмірінің өзгеруінде маңызды қадам болғанын айтып өткен жөн. Бағдарламада ауданда 2019-2021 жылдарда жалпы 1 триллон 485 миллиард сумдық құрылыс-жөндеу істері жүзеге асырылуы белгіленген.

    Соңғы үш-төрт жыл ішінде Мойнақ қаласын, оның айналасындағы ауылдарды танып болмайтындай дәрежеде өзгерді. Бүгін қалаға келген адам қатты таңырқап, тамсанады. Жолдар асфальттанды, көптеген әлеуметтік мәден ғимараттар бой көтерді. Зауыт және фабрикалар, тоқымашылық комбинаттар құрылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Ең маңыздысы, болашағына сенбей Мойнақты тастап кеткен тұрғындар үйіне қайта бастады. Президентіміз 2019 жылдың август айында Қарақалпақстанға барғанда Мойнақ туралы мынадай деген:

    — Мойнақтағы өзгерістерді, сіздердің көздеріңіздегі ризалықты көріп өте қуаныштымын. Бұл — алыс-шалғай аумақтарға барып істеп жатқан ісшілеріміздің нәтижесі. Егер біздің реформаларымызға күмәнмен қарайтындар болса, Мойнаққа келіп көрсін.

    Жоғарыдағылардан бір қорытынды шығару мүмкін. Өткен ғасырдың 60- жылдарында басталған Арал проблемасын шешу үшін кеңес үкіметі кезінде де, тәуелсіздік жылдардың алғашқы 25 жылдығында да көптеген әңгімелер айтылған болса да, айтарлыітай шынайы жұмыс жасалмады. Тек соңғы жылдарда теңіз және оның айналасындағы апатқа шынайы баға берілді және проблемалар біртіндеп шешілуде. Арал суға томас, бірақ бүгінгі бұл өлкеде жасайтын адамдар ертеңгі күніне сеніммен қарауда, олардың болашағынан үміт үлкен.

    Реформалардан көзделген мақсат та осы ғой.

    Бекқул ЭГАМҚУЛОВ,

    Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген журналист

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates