Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген қосымшаға орай, кәсіпкерлердің банктік есеп-шоттарынан ақшалай қаражатты олардың келісімінсіз заңға қайшы түрде өткізу немесе алып қою, оларды өз уақытында қайтармау, аз мөлшерде талан-тараж жасау болған жағдайда БЕМ-нің 20 еседен 40 есеге дейін (6 миллион 600 мың сумнан 13 миллион 200 мың сумға дейін) мөлшерде айыппұл салынады.
Қылмыстық кодекске енгізілген қосымшаға сәйкес, жоғарыда айтылған құқықбұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жасалса, төмендегі жазалардың бірі қолданылады:
- БЕМ-нің 200 еседен 300 есеге дейін мөлшерінде айыппұл;
- 3 жылға дейін белгілі бір құқықтардан айыру;
- 300 сағаттан 360 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстарға тарту; 3 жылға дейін ақылақ түзету жұмыстары;
- 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Осы әрекеттер:
- көп мөлшерде зиян келтірген жағдайда;
- бір топ тұлғалар тарапынан алдын ала тіл біріктіру арқылы жасалса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.
Осы әрекеттер:
- өте көп мөлшерде зиян келтірген жағдайда;
- ұйымдасқан топтың мүддесін көздеп жасалса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Келтiрiлген материалдық залалдың орны өтелген жағдайда бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза қолданылмайды.
Заң ресми жарияланғаннан кейін 3 ай өткен соң күшіне енеді.