Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету болашағы талқыланды.
Конгрессмен 2021 жылдың октябрь айында Ташкентке сапары аясында АҚШ Конгрессі делегациясының мүшелері үшін ұйымдастырылған шынайы қабылдау мен Өзбекстанның ресми шеңберлерімен мазмұнды кездесулер үшін Өзбекстан тарапына алғыс айтты.
Бера Өзбекстан-Америка ынтымақтастығының болашағы туралы айта келе, Америка Құрама Штаттары экономикалық және сауда саласындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін, барлық мүмкіндіктерді қарасытырып жатқанын, сондай-ақ Өзбекстанда және жалпы Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көп қырлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін айтып өтті.
Өз кезегінде конгрессмен Өзбекстандағы гендерлік теңдік пен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы іс-әрекеттерді жоғары бағалады.
Кездесу соңында Өзбекстан-Америка күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша парламентаралық байланыстарды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.