Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейдегі саяси-дипломатиялық, өзара мүдделі ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық алмасу үшін айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өткен жөн.
Осыған орай, сапардың бірінші күні Сенат Төрайымы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Ұлыбританияның Әйел-қыздар істері бойынша министрі Мария Колфилдпен өткен сұхбатта гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйел-қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, әйел-қыздардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларға жан-жақты қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, климаттың өзгеруі әйел-қыздардың өмір сүру сапасына әсерін азайту мәселелеріне назар аударылды.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдап-қуаттау, жаңа жұмыс орындарын ашу, әйелдердің өмір сүру мен еңбек жағдайларын жақсарту және «СТЕМ» бағдарламасы арқылы қыздарға сапалы, қолжетімді білім беруде өзара тәжірибе алмасу туралы біріккен жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды.
М.Колфилд Жаңа Өзбекстанның әйел-қыздардың мемлекет өміріндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыру жөніндегі іс-әрекеттердің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Ол соңғы жылдары әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету тұрғысынан қол жеткізілген нәтижелерді жоғары бағалады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Кездесу соңында екі елдің жауапты министрліктері мен кеңселері өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға келісті.