Сұхбатасу барысында Өзбекстан мен ТІКА арасындағы өзара ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы және Агенттіктің еліміздегі қызметін одан әрі кеңейту болашағы туралы пікір алмасылды.

Кездесуде 1993-2023 жылдар аралығында ТІКА-ның түрлі салаларда жалпы құны 60 миллион долларды құрайтын 900-ден астам жоба мен бағдарлама сәтті жүзеге асырылғаны атап өтілді. Биыл тағы 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесін жетілдіруге және тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған жаңа жобаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.