Жиналыста Транспорт министрлігі, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ басшылығы, «Oliver Wyman» компаниясының Орталық Азия бойынша директоры Джеффри Уитни, «Қазақстан темір жолы» АҚ 2016-2018 жылдарда президент-төрағасы болып қызмет еткен Қанат Алпысбаев, сонымен қатар «Oliver Wyman» сарапшылары Адриен Бэйли мен Жорис Динка, темір жол көлігі бойынша ардагер серіктестері Род Кейс пен Хю Рэндалл қатысты.
«Oliver Wyman» компаниясы SNCF (Франция), Swiss Federal Railways (Швейцария), Canadian National Railway Company (Канада) сияқты жетекші темір жол компанияларының трансформация үдерісіне қатысқан.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 октябріндегі ПҚ-329-санды қаулысында темір жол көлігін кешенді транспормациялау көзделіп, ондағы активтерді құрамдық өзгерту, бәсекелестікті қалыптастыру және жеке секторды тарту, саланы цифрландыру, сондай-ақ өнеркәсіпорындардың қаржылық жағдайын нығайту сияқты мәселелер белгіленген.
Кездесуде Мемлекет басшысының осы қаулыда белгіленген міндеттерге орай, компания өкілдері республиканың темір жол желісін жетілдіру іс-шаралары туралы жан-жақты айтылды.
Жиында операционды моделін қайта қарау, активтерді қайта құру, ұзақ мерзімді бизнес-жоспарды дайындау және жобаларды басқару кеңсесін құру сияқты міндеттер белгілеп алынды. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін компания 3-4 жылға арналған “Жол картасын” қабылдауды ұсынды.
Дәл осы түрдегі Германияның «DB Engineering & Consulting» компаниясының өкілдерімен өткен кездесуде Өзбекстандағы «DB Engineering & Consulting» компаниясы өкілеттігінің басшысы Иннокентий Беляков-Загуменнов компанияның әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстарын айтып, «DB Engineering & Consulting» компаниясының Мысыр, Канада және Үндістанда ірі темір жол көлігі жобаларын жүзеге асыруда халықаралық тәжірибелерді іс жүзінде қолдану туралы ұсыныстар берді.
Атап айтқанда, компания Мысырда ұзындығы 2 мың километр болған әлемдегі алтыншы ірі жүрдек желі болған ең үлкен темір жол жобасын басқарады. Бірінші желі 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Канадада компания Британия Колумбиясы провинциясының темір жол инфрақұрылымын басқарады, онымен 25 жылдық келісімшарт жасалған.
Кездесу барысында Үндістан үкіметімен темір жолдан пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша 12 жылдық келісімге қол қойылып, арнайы операциялық компания құрылды.
Сонымен қатар, “DB Engineering & Consulting” компаниясы консалтингпен бірқатарда Өзбекстандағы темір жол жобаларын жүзеге асыруға және басқаруға да дайын екенін айтты.
Осыған орай, «DB Engineering & Consulting» компаниясының өкілдері мақсатты ұйымдастыру моделін жарату, «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамының жұмыс үдерістерін жетілдіру және жекеменшік инвестицияларды тартып, темір жол вокзалдарын дамыту сияқты бағыттарға қатысуды ұсынды.
Сонымен бірге, компания “Ташкент-Самарқан” бағытында арнайы бөлінген желі арқылы жоғары жылдамдықпен қозғалатын көлік қатынасын құруға қатысуға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар осы бағыттағы диалогты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Стратегиялық реформалар агенттігінің баспасөз қызметі.