Templeton Asset Management Ltd. компаниясы ірі жобаларды жүзеге асыруда техникалық –консультациялық көмек көрсетеді

    2024 жылдың 24 сентябрінде Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялар банкі басқарушылары кеңесінің 9-жылдық жиналысы аясында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Templeton Asset Management Ltd компаниясының тең төрағасы Секхон Манражбен кездесті.

    Кездесу барысында компания тарапынан Өзбекстанда ірі жобаларды жүзеге асыруда техникалық-консультациялық көмек көрсету, өзара тиімді бастамаларды қаржыландырудың біріккен механизмдерін құру мәселелері талқыланды.

    Секхон Манраж елде жүргізілген реформаларды жоғары бағалап, олардың әсерлі нәтижелері халықаралық активтер базарының ірі қаысушыларында сенім оятқанын айтты. Соның айқын дәлелі ретінде АИИБ басқарушылары жиналысында алғаш рет Орталық Азияда, атап айтқанда Өзбекстанда өткізіліп жатқанын көрсетті.

    Кездесу соңында компания басшылығының қол жеткізілген келісімдерді іске асыруды белсендіруге және елімізде болып жатқан оң өзгерістерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығы расталды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Franklin Templeton» — 1947 жылы Нью-Йоркте негізі қаланған жаһандық инвестициялық компания болып, онда 9 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компанияның бас кеңсесі АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан. Компанияның басқаруындағы активтердің жалпы құны 1,5 триллион доллардан асады. Оның 30 елде 100-ден астам кеңсесі бар.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates