Термезде «Made in Uzbekistan» көрме-жәрмеңкесі жалғасуда

    Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының Сұрхандария облысы аумақтық басқармасы мен Ауғанстанның Балх облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    Куни-кеча мазкур халқаро кўргазма-ярмаркасининг тантанали очилиш маросими ўтказилди.

    Ағымдағы жылдың 8-12 апрель аралығында Термез халықаралық сауда орталығында «Made in Uzbekistan» көрме-жәрмеңкесі өткізілуде.

    Күні кеше осы халықаралық көрме-жәрмеңкенің ашылу салтанаты өтті.

    Көрмеге еліміздің әр өңірінен тоқымашлық, былғары-аяқ киім, азық-түлік өнеркәсібі, тұрмыстық химия, фармацевтика, құрылыс материалдары және басқа да салаларда жұмыс істейтін 200-ден астам жергілікті тауар өндірушілер, сонымен қатар көршілес Ауғанстан мемлекетінен 30-дан астам кәсіпкер өз өнімдерімен қатысуда.

    Сондай-ақ, кешегі өткен кездесулер барысында Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының Сұрхандария облысы аумақтық басқармасы мен Ауғанстанның Балх облыстық Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту, ауғанстандық кәсіпкерлерді Халықаралық сауда орталығына тарту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    Бұл шара Өзбекстанның өндірушілері үшін Ауғанстан базарына шығу, жаңа серіктестер табу және өзара мүдделі келісімдер жасау үшін маңызды алаң болып табылады.

    Шара 12 апрельге дейін жалғасады.

    No date selected
    June 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates