Toлимаржон ЖЭС-те жаңа бу-газ құрылғыларының құрылысына старт берілді

    Энергия 24 Iyul 2023 1771

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, “Жылу электр станциялары” АҚ және “Толимаржон ЖЭС” АҚ-да Испанияның «Intecsa Ingeniera Industrial S.A.» және Жапонияның «Mitsubishi Corporation» компанияларымен қуаттылығы 1065 МВт ие келесі бу-газ құрылғыларын құру бойынша келісімшартқа қол қойған еді. Бүгін, 24 июльде бұл энерго блоктардың құрылысына старт берілді.

    Осыған орай, 2025 жылдың соңына дейін станцияда жалпы қуаты 1065 МВт келесі екі бу-газ қондырғысының құрылысы жүргізілетін болады. Жобаның бас мердігері ретінде Испанияның “Intecsa Ingeniera Industrial S.A.” және Жапонияның «Mitsubishi Corporation» компаниялардың консорциумы қатысуда. Жобаның жалпы құны 771,8 миллион долларға тең.

    Жаңа инвестициялық жоба Самарқант және Бұхара облыстарының тұтынушыларын, Қаршы магистральдық каналындағы жеті сорғы станциясын сенімді электр энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорын жылына қосымша 8,5 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіретін болады. Тиімділігі жоғары технологиялардың арқасында 600 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді.

    Тағы бір маңызды жайт, атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар 1500 тоннаға азайып, 112 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі «Жылу электр станциялары» АҚ ақпаратына сілтеме жасап.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates