Алдын хабарлағанымыздай, Сырдария облысының Шірін қаласы мен Баяуыт аудандары аумағында Саудия Арабиясының «ACWA Power» компаниясы тарапынан қуаттылығы 1500 МВт болған заманалық жылу электр станциясы құрылып жатыр.
Онда «Mitsubishi» компаниясының әлемдегі ең заманалық және энергияны үнемдейтін газ турбиналары орнатылуда.
Атап айтқанда, Жапониядан әкелінген ірі энерго құрылғылардың екінші басқышы станцияның құрылыс алаңына жетіп келді.
Станцияның бастапқы қуаттары ағымдағы жылдың июль айында іске қосылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Хабарламада 2022 жылдың декабрь айында осы ЖЭС-да Жапониядан әкелінген алғашқы газ турбинасы орнатылғаны да айтылған.