Төлеу-келісімшарт негізінде оқу үшін білім несиелерді бөлу тәртібі белгіленді

    Білім 19 Avgust 2021 3061

    2021 жылдың 18 августында қабылданған 527-санды Үкімет қаулысымен Қаржы министрлігінің құзырындағы Білім несиелерін қаржыландыру қорының есебінен жоғары оқу орындарында төлем-келісімшарт негізінде оқу үшін білім несиелерін бөлу тәртібі туралы жарғы бекітілді. Жарғыда білім несиелері жоғары оқу орындарының күндізгі білім алуда бакалавриатқа және магистратураға төлем-келісімшарт негізінде оқуға ұсынылған, сондай-ақ оқуға кіруді көшірген Өзбекстан азаматтығы болған студенттерге беріледі.

    Мұнда несие алушының тұрақты табыс көзіне ие жанұя мүшелері (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, күйеуі немесе әйелі) немесе кепілдерімен несие алушы ретінде қатысуы мүмкін.

    Білім несиелерінің негізгі қарызы студенттің ресми оқу мерзімі біткеннен соң жетінші айдан бастап 7 ай барысында қайтарылады.

    Білім несиесін алу үшін Қаржы министрлігінің ресми веб-сайтында жарияланған коммерциялық банктерге мына құжаттар ұсынылады:

    өтініш;

    Төлем-келісімшарт және оған қосымша есеп қағазы\ фактурасы (бар болғанда). Келісімшарт оқуды бітірудің белгіленген мерзімі мен бір жыл үшін төлем мөлшері көрсетілген болуы қажет;

    Білім несиесі қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша құжаты. Бұдан “Әлеуметтік қорғауға бірыңғай реестрі” енгізілген жанұяның перзенттеріне бөлінетін білім несиесі бойынша кепілдік талап етілмейді;

    “Әлеуметтік қорғау біріңғай реестріне” енгізілгендігін растайтын мәлімет (“Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестеріне” енгізілген жанұялардың перзенттері үшін);

    бірге несие алушыға тиісті мәлімет.

    Хұжаттар 5 жұмыс күнінде қаралады.

    Білім несие келісімшарты төлем-келісімшартында көрсетілген бір жылдық төлеу суммасына тең мөлшердегі суммаға жасалады.

    Білім несиесін несие алушыға Орталық банктің негізгі ставкасы көлемінде бөлінеді.

    Орталық банктің негізгі ставкасы төмендетілгенде, білім несиесі бойынша пайыз ставкасы тепе-тең түрде төмендейді, Орталық банктің негізгі ставкасы асырылғанда білім несиесі бойынша пайыз ставкасы өзгеріссіз қалады.

    Аталмыш тәртіп:

    Шетелдің азаматтары және азаматтығы болмаған тұлғаларға;

    Коммерциялық банк тарапынан Қордың қаржысынан тыс басқа көздердің есебіненберілетін білім несиелеріне қарап ұсынылмайды.

    Категорияланған төлем-келісімшартын және оның минималды мөлшеріне тең бір реттік басқа төлемдерді жүзеге асыру үшін білім несиесі бөлінбейді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates