UZTEX компаниялар тобы Өзбекстандағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы осы стандартты алған алғашқы кәсіпорын болды. Өткен жылдың 25 декабрінде компания ресми сертификатты тапсыру рәсімін өткізді.

WRAP сертификаты  әлеуметтік стандарттардың ең  мықтылардың бірі болып, UZTEX Group-тегі өнім өндіру АҚШ-қа өнімдерді экспорттау үшін қажетті барлық әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келетінін растайды.  Бұл қадам Өзбекстанның тоқымашылық өнеркәсібі назар аударып жатқан сапа мен этиканың жоғары стандарттарын көрсетеді.

Сертификат «Ўзтўқимачиликсаноат» бірлестігінің «Textile Standard Service» компаниясы көмегінде алынған және ресми түрде  WRAP-ның сәйкестік бойынша аға директоры Хонг Мей тарапынан берілді.

Естеріңізге сала кетейік, UZTEX Өзбекстанда да, Орталық Азияда  да осы стандартты алған алғашқы кәсіпорын болды. Қазіргі уақытта тағы 10 кәсіпорын WRAP сертификатын алу басқышында, деп хабарлайды «Ўзтўқимачиликсаноат»  бірлестігінің баспасөз қызметі.