Жарлыққа сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған тоқымашылық және тігін-трикотаж өнеркәсібіндегі қайта өңдеу тізбегін дамытудың негізгі мақсатты көрсеткіштері етіп төмендегілер белгіленді:
өнім экспортын 2025 жылы 4,0 миллиард АҚШ долларына, 2026 жылы 5,0 миллиард АҚШ долларына және 2027 жылы 7,0 миллиард АҚШ долларына жеткізу;
АҚШ пен Еуропа елдерінің базарларына дайын өнімдер экспортын 500 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайту;
озық технологиялар мен заманауи дизайнерлік әзірлемелерді кеңінен енгізілуі және халықаралық брендтерді тарту арқылы жалпы экспорттағы дайын тігін- тоқыма бұйымдарының үлесін 70%-ға дейін арттыру;
иірілген жіпті терең өңдеуді одан әрі дамыту мақсатында 5,0 млрд.АҚШ доллары сомасына шетелдік инвестициялар мен несиелерді тарту.
Тоқымашылық өнеркәсібінде қайта өңдеуді тереңдету үшін қолайлы қаржылық жағдай жасау мақсатында нақты қолдау механизмдері енгізіледі.
Жергілікті өнімдер мен брендтерді халықаралық “маркетплейстерде” насихаттау, орналастыру және жарнамалау бойынша “Made in Uzbekistan” бағдарламасы жүзеге асырылады.
«Сауданы дамыту компаниясы» АҚ жанынан факторингтік ұйымы құрылады.