Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің басқару тарапынан Ташкент қаласында «Евразийский банк» (Еуразия банкі) акционерлік қоғамын тіркеуден өткізу туралы қаулы қабылданды.

Оған банк қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензия берілді – дейді басқару хабарында.

Еске сала кетейік, Еуразиялық банк Өзбекстанда  филиалдық банкті ашуға бастапқы рұқсатты былтыр көктемде алған болатын, деп хабарлайды UzNews.uz.

Еуразиялық банк – Қазақстанның коммерциялық банкі болып, оның бас офисі Алматыда орналасқан. Оның Қазақстан Республикасының аумағында 19 аумақтық филиалдары, 119 есеп-қазына бөлімшесі бар.