Транспорт министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының Өзбекстандағы өкілеттігімен ынтымақтастықта «Ташкент – аз көміртекті автомобиль көлігіне инвестиция тартуды жеделдету» біріккен жобасы іске қосылды.
Бүгін астанамызда ұйымдастырылған шарада Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Өзбекстандағы өкілеттігінің тұрақты өкілі Матильда Димовска, сондай-ақ Транспорт министрінің орынбасары Жасурбек Чориев жоба туралы қалың жұртшылыққа ақпарат берді.
Бұл жоба Жаһандық экологиялық қордың 3,57 миллион АҚШ доллары көлеміндегі грант қаржылары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі ресурстары есебінен қаржыландырылады.
Жобаны Транспорт министрлігі министрліктермен, кеңселермен және ұйымдармен ынтымақтастықта 2022-2027 жылдар аралығында жүзеге асырады. Жобаның Өзбекстан Республикасы тарапынан бірлесіп қаржыландырылатын бөлігі 25,57 миллион АҚШ долларын құрайды.
Жобаны жүзеге асыру барысында Ташкент қаласының Шота Руставели көшесін қайта жаңғырту, бұл көшеде жаяу жүргіншілер мен велосипед жолақтарын, қоғамдық көліктерге бөлек жолақтарды беру арқылы жасыл қалалық көлік дәлізін құру жоспарлануда.
Сондай-ақ жасыл қалалық көлік жолағында электрлі автобустардың қатынауын жолға қою, соның нәтижесінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық көрсеткіштер жинақталып, талданады, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер негізінде Өзбекстанда электртранспортты дамыту бойынша жол картасы мен стратегияларды дайындау көзделген.
Сонымен қатар, жобаның оң тәжірибесі негізінде Өзбекстанның басқа қалаларында жасыл қалалық көлік жолдарын Өзбекстанның басқа қалаларында да енгізу жоспарлануда.
Жобаның негізгі мақсаты – көлік арқылы атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайту арқылы инклюзивті, қауіпсіз және тұрақты қалалар мен елді мекендерді қамтамасыз ету, климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күресу бойынша шұғыл шаралар қарастыру болып табылады.