Кездесуде көлік, транзит және логистика саласындағы ынтымақтастық байланысты дамыту болашақтары талқыланды.

Жао Лун мырза Фусзян облысы өзінің жаңа энергия, мұнай-химия, электрондық ақпарат, цифрлық экономика сияқты салалардағы өнеркәсіп үстемдіктерін толық іске түсіріп, Өзбекстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуден мүдделі екенін атап өтті.

Транспорт министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров соңғы жылдары елдеріміз арасындағы өзара жүк тасымалының оң серпіні байқалғанын ризашылықпен тілге тиек еттті. Атап айтқанда, Қытаймен халықаралық жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың соңына қарай 6,0 миллион тонна тарихи деңгейге жетті.

Сондай-ақ “Ташкент-Фучжоу” бағыты бойынша блоктық пойыз қатынауының іске қосылуы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын сапалы жаңа деңгейге шығару үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны айтылды.

Содан соң «Ташкент-Фучжоу» бағыты бойынша бірінші блоктық пойызды жолға шығуына арналған салтанатты шара өтті.

Бұл жол Орталық Азиядан Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аумақтар мен теңіз жолын байланыстырады. Бұл құрлықтағы Жібек жолымен теңіздегі Жібек жолын біріктіретін екі жақты байланыс желісін құру үшін маңызды.