Ташкент-Самарқант-Ташкент бағытында «Афросиёб» пойызының қосымша қатынауы жолға қойылады

    Көлік 14 Mart 2022 2164

    Наурыз мерекесі қарсаңында Ташкент – Самарқант – Ташкент бағыты бойынша қосымша заманалық «Афросиёб» пойызы жолға қойылады.

    Алдағы Наурыз мерекесіне байланысты жолаушыларға қосымша қолайлылық жасау мақсатында ағымдағы жылдың 19-26 март күндері Ташкент – Самарқант – Ташкент бағыты бойынша қосымша заманалық «Афросиёб» пойызы жолға қойылады.

    Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 декабрьдегі «2022 жылы ресми күндерді мерекелеу кезеңінде қосымша жұмыс емес күндерді белгілеу және демалыс күндерін ауыстыру туралы» ПФ-35-санды Жарлығына сәйкес мемлекетімізде ішкі бағыттардағы жолаушылар пойыздары 2021 жылдың 31 декабрь – 2022 жылғы 4 январь, 2022 жылғы 21-23 март және 2022 жылғы 1-2 сентябрь күндері төмендегі тариф бөлігіне енгізілген мерекелік жеңілдіктер бар:

    Зейнеткерлерге, мүгедектерге, 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысушыларға және оларға теңестірілген азаматтарға билеттің тарифтік бөлігінен – 50 %;

    - Жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, колледж және лицей студенттері, ІІМ, ҚМ, МҚҚ, МСК, МКК арнаулы оқу орындарының студенттері – билеттің тарифтік бөлігінен – 15%;

    - Пойызға отбасымен шықса (екі немесе одан да көп адам – күйеуі мен әйелі, күйеуі немесе әйелі және 18 жасқа дейінгі балалары, әкесі немесе 18 жасқа дейінгі баласы бар анасы) (неке туралы куәліктің көшірмесі және туыстық қатынасты растайтын құжаттары ұсынған жағдайда) билеттің тарифтік бөлімінен – 15%;

    - Егер ұжым болып пойызға шықса (4 адамнан астам – нұсқау негізінде) билеттің тарифтік бөлігінен – 15 %;

    - «Афросиёб» жүрдек электр пойыздарындағы жолаушылардың барлық санаттары үшін билет құнының 10%.

    ЕСКЕРТУ: Жеңілдікпен билеттерді тек кассадан сатып алуға болады. Электронды билеттерге жеңілдіктер берілмейді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ қосымша ақпаратты Ташкент қаласындағы 1005 қысқа телефонынан, жергілікті теміржол кассаларынан (http://www.railway.uz/ru/interaktivnye_uslugi/spravochnye_telefony/) және ақпараттық бюродан алуға болады.