«Ташкент» әуежайының арнайы техника паркі жаңа автобустармен толықты

    Көлік 28 Fevral 2024 900

    «Uzbekistan Airports» Ташкент әуежайы үшін Германияның «Cobus Industries GmbH» өндіріс компаниясынан жолаушы тасмалдайтын 4 автобус сатып алды.

    Төмен еденді Cobus 3000 автобусы компанияның ең үлкен үлгісі болып табылады. Автобустың ұзындығы 14 метрге жуық, ені 3 метр, 10 орындық және 94 тік тұрған, жалпы 104 жолаушыны сыйдыра алады . Бұл модель еденді көтеру және түсіру үшін пневматикалық жүйемен жабдықталған. Жолаушыларды шығару және түсіру алдында автобустың еденін төмендетуге немесе көтеруге болады. Бұл мүмкіндік чемодандары, арбалары бар жолаушыларға және мүгедек жолаушыларға автобусқа мініп-түсуін жеңілдетеді.

    Айта кету керек, «Uzbekistan Airports» компаниясы арнайы көлік паркін жаңарту және жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, аэродром кешенін тазалауға арналған жаңа әмбебап машиналар, ұшақтарды мұздан тазартатын машиналары, ұшақ тасымалдаушы көлік, дивигателдерді жерде іске қосу құрылғылары, ұшақ салоны үшін кондиционерлер және т.б. сатып алынды, деп хабарлайды uzbairports.uz.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates