2024 жылы 15 май күні Ташкент халықаралық әуежайында алты өзбекстандық спортшы 13 тонналық ұшақты сүйретіп әкетті.
Бұл Гиннестің рекордтар кітабына абсолютті рекордқа айналды.
Гиннес рекордтар кітабының комиссары Мбали Масебаба Нкоси ханымның қатысуымен Өзбекстанның бодибилдинг және фитнес федерациясының командасы салмағы 13500 кг болған «Silk Avia» авиакомпаниясының ATR 72-600 ұшағын 100 метр қашықтыққа 46,7 секундта тартып жеткізді. Айта кету керек, рекорд бірінші әрекетте-ақ орнатылды.
«Guinness World Records» тарапынан ұшақты 60 секундта тартып бару көзделген.
Алдын ала дайындық кезінде спортшылар түрлі нәтижелерді көрсетті, бірақ ең жақсысы15 май күні көрсетілген 46,7 секундта ең жақсы нәтиже болды.