Президент Ташкент сәулет-құрылыс институтына барды

    Билік 10 Avgust 2022 6652

    10 тамызда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент сәулет-құрылыс институтының жаңа ғимаратына барды.

    Мемлекет басшысы мұнда 2020 жылдың қазан айында келіп, институт базасында құрылыс кластерін құру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыдан кейін бөлінген аумақ кеңейтіліп, жаңа жоба әзірленді.

    Ең алдымен институтқа 5 қабатты екі оқу корпусы мен 8 қабатты әкімшілік ғимараты салынды. Мұнда құрылыс материалдарының ғылыми орталығы, зертхана, спорт кешені, жатақхана орналастырылды. Мемлекет басшысы бүгінгі сапарында аталмыш оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

    Институтта 4 факультет және 23 кафедра бар. Мұнда 22 бакалавриат және 25 магистратура мамандықтары оқытылады. Заман талабы негізінде «ақылды» үйлер мен қалалардың инфрақұрылымын жобалау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, құрылыстың жер сілкінісіне төзімділігі сынды бағыттар бағдарламаға енгізілген.

    Жаңа ғимараттардың пайдалануға берілуімен білім беру саласының ауқымы мен сапасы артады. 2022/2023 оқу жылына 1600-ден астам квота бөлінді. Олармен бірге студенттердің жалпы саны 7500-ден асады.

    Мемлекет басшысы осында студенттер, докторанттар және профессорлармен сұхбаттасты.

    – Біз кез келген саланы реформалауды қолға алсақ, алдымен мектеп құрудан, кадр даярлаудан бастаудамыз. Бұл институт болашақ құрылыс істерге негіз болады, – деді Шавкат Мирзияев.

    Сондықтан білім беру бағдарламалары заман талабына сай болуы керектігі баса айтылды.

    – Бүгінде құрылыс саласы – еліміздің экономикасының «драйверлерінің» бірі. Барлық жерде құрылыстар жүріп жатыр, түрлі материалдар шығарылуда. Бірақ бес жылдан кейін бүгінгі білім жетіспейді. Сондықтан сіз әрқашан ізденісте болуыңыз керек, өзіңізге инвестициялауыңыз керек. Бұл қандай инвестиция? Мамандықты жетік меңгеру, тіл үйрену, еңбек ету, тәжірибе жинақтау, – деді Президент.

    Кездесу барысында студенттер институтта жасалған жағдайға тоқталып, алға қойған мақсаттары мен ұсыныстарын айтты.

    Мемлекет басшысы олардың ұсыныстарын қолдап, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. Студенттердің жобалау институттары мен құрылыс ұйымдарында практикасын ұйымдастыру, олардың ғылыми жұмыстарына тапсырыстарды қалыптастыру қажет екендігі айтылды.

    Осы жылдың 6 шілдесінде өткен құрылыс және қала құрылысы мәселелері жөніндегі бейне байланысты кеңесте Президент кадр даярлау мәселесіне ерекше тоқталып, жоғары оқу орындарын салаға түрлендіру, оларға академиялық және қаржылық тәуелсіздік беру керектігін айтқан еді.

    Осыған сәйкес институттың ұйымдастыру-басқару жүйесін реформалау қолға алынды. Ол машина жасау, сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары технологиялары, цифрлық құрылыс салаларына мамандануға арналған. Биыл «Цифрлық университет» жүйесін енгізу жоспарланса, келесі оқу жылынан бастап халықаралық стандарттар негізінде қабылдау емтихандары жылына екі рет өтетін болады.

    Президент мұнда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен де сөйлесті.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates