Шавкат Мирзиёев білім беру жүйесі бойынша ұсыныстардың тұсаукересімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 4 қыркүйек күні мектепке дейінгі білім беруді дамыту және дарынды жастармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстардың тұсаукесерімен танысты.

    Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуына балалық шақтан бастап негіз қаланады. Осыған байланысты республикада мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде. Кейінгі жеті жылда жүйедегі қамту деңгейі 27 пайыздан 74,6 пайызға көтерілді. Алдағы бес жылда оны 80 пайызға жеткізу көзделген.

    Сонымен қатар, білім мен тәрбие мазмұны да маңызды. Бұл оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, тәрбиешілердің біліктілігі және жаңа тәсілдер сияқты көптеген факторларды талап етеді.

    Тұсаукесерде мектепке дейінгі білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қаралды.

    Атап айтқанда, қамтуды кеңейту мақсатында мектептердің бос жерлерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балабақша салуға рұқсат беру көзделуде.

    Мемлекеттік бағдарлама негізінде әзірленген оқу-әдістемелік материалдар барлық балабақшаларда толық емес. Жекеменшік мекемелер интернет ресурстарын пайдаланып келеді. Сондықтан енді барлық бағдарламалар Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігінің веб-сайтына орналастырылып, одан тегін пайдалануға мүмкіндік беріледі.

    Озық шетелдік тәжірибеде балалардың ақыл-ой және когнитивтік әлеуеті, физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайы үнемі бақылауда болып, тәрбие жасақталады. Осыған байланысты Мектепке дейінгі білім беруді басқару ақпараттық жүйесінде «Баланың даму картасын» жүргізу міндеті қойылуда.

    Балабақшалардағы педагогтардың басым бөлігі арнайы орта білімге ие. Салада біліктілікті арттырудың қазіргі мерзімі бес жылда бір рет. Бұл процесті жеделдету мақсатында біліктілікті арттыру курстары аралығында «Әдістемелік шеберлік сағаты» және «Әдістемелік шеберлік күні» іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, осы бағыттағы жоғары білімде дуалды оқыту формасын енгізу, сырттай және кешкі оқуда мақсатты квоталарды арттыру ұсынылған.

    Қазіргі таңда мемлекеттік балабақшаларда қатысу, азық-түлік шығындары қағаз түрінде толтырылуда. Енді биометриялық сәйкестендіру технологиясын қолдану арқылы есеп беру процесіне цифрландыру талабы қойылып отыр.

    Таныстырылымда дарынды жастармен жұмысты істеуді жетілдіру шаралары да талқыланды. Соңғы жылдары бұл бағытта дайындық пен ынталандыру жүйесі айтарлықтай өзгерді. 2022 жылы өзбекстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадаларда 45 медаль жеңіп алса, биыл олардың саны 113-ке жетті. Шын мәнінде, әлемдік аренаға шығуға қабілетті білімді жастарымыз одан да көп.

    Оларды тыңғылықты дайындап, нәтижелілікті арттыру үшін халықаралық пән олимпиадаларға қатысушыларды 5-8-сыныптардан бастап іріктеу жолға қойылады. Әрбір пән бойынша оқу бағдарламалары, әдебиеттер, әдістемелік ұсыныстар мен құралдар жетілдіріліп, оқушылар мен жаттықтырушыларға жеткізіледі. Құрама командаларға шетелдік мамандар тартылады, шетелдік командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.

    Бүгінгі таңда 22 халықаралық және өңірлік пән олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға ақшалай сыйлықтар берілуде. Енді марапатталатын олимпиадалар саны 28-ге дейін ұлғайтылады. Республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар, олардың оқытушылары және құрама команда жетекшілеріне төленетін ақшалай сыйлықтар мен марапат табыс салығынан босатылады.

    Мемлекет басшысы ұсыныстарды мұқият зерттеп, жан-жақты жетілдіру бойынша тапсырмалар берді.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates