Ташкент архитектуралық-құрылыс университеті білім беру жүйесінің тиімділігін арттырады

    «Мектеп – техникум (лицей — университет) қағидаты негізінде жолға қойылады. «Университет – зертхана – кәсіпорын – министрлік» экожүйесі енгізіледі.

    «Ташкент архитектуралық-құрылыс университетінің қызметінде білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру және ғылыми зерттеулерді тәжірибемен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралары туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-209-санды, 01.07.2025 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, Университет қызметінде қол жеткізілетін негізгі тиімділік көрсеткіштері ретінде мыналар белгіленді, соның ішінде:

    дуальды білім беру формасын толық енгізу арқылы білім беру үдерістерін тәжірибемен интеграциялауды қамтамасыз ету;

    ғылыми әлеуетті экспорттау аясында 2028 жылдың соңына дейін университет брендін қалыптастыру және шет елдерден кемінде 1000-ға жуық студентті тарту.

    2025/2026 оқу жылынан бастап Ташкент архитектуралық-құрылыс университетінде дуальды білім беру форматы енгізіледі.

    Дуальды білім беру бағдарламасы кредиттік-модульдік қағидаты негізде төмендегілерде жүргізіледі:

    1 курс студенттері үшін – оқу бағдарламаларының 60 пайызы (теориялық бөлімдері) аудиторияларда, 40 пайызы (тәжірибелік бөлігі) құрылыс өндірістік кәсіпорындарында;

    2-, 3- және 4- курс студенттері үшін – білім беру бағдарламаларының 40 пайызы (теориялық бөлімдері) аудиторияларда, 60 пайыз (практикалық бөлімі) құрылыс өндірістік кәсіпорындарында.

    Қаулыға сәйкес, 2025/2026 оқу жылынан бастап тиісті білім беру бағдарламалары бойынша практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстардың кемінде 25 пайызын шетелдік профессорлар, халықаралық сертификаттары бар кәсіби мамандар тарапынан жүргізетін болады.

    2025 жылдың 1 сентябрінен бастап тәжірибе-сынақ ретінде «мектеп – техникум (лицей) – университет» қағидаты негізінде кадрларды даярлау қолға алынады. Осы орайда Ташкент қаласы Юнусабад ауданындағы №250 және 273 жалпы білім беретін мектептер университетке біріктіріліп, университет:

    айына 1 рет 7-9 сынып оқушыларын олардың қызығушылықтары аясында белгіленген салаларға қатысты тақырыптарды Университет зертханаларында сабақтан тыс жаттығу ретінде оқытылады;

    студенттердің университет зертханаларына қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

    2025 жылдың 1 сентябрінен бастап «Университет – зертхана – кәсіпорын – министрлік» экожүйесі енгізіледі. Экожүйе аясында әр жылы:

    Серіктес болған құрылыс өндірістік кәсіпорындарынан ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша тапсырыстар қабылданатын болады;

    студенттер, магистранттар және ғылыми ізденушілер арасында «Ең үздік 20 идея» байқауы жарияланады және іріктеліп алынады;

    жеңімпаз жобалар бойынша зертханаларда зерттеулер жүргізілуі қамтамасыз етіледі.

    Сондай-ақ, Сауда-өнеркәсіп палатасы қолданбалы ғылыми зерттеулердің авторларын БЕМ-нің 35 есе көлемінде қаржылай ынталандырады.

    2025 жылдың 1 сентябрінен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындарының сәулеткелік және құрылыс саласындағы барлық зертханалардың қызметін «UniLab» платформасы арқылы университет үйлестіретін болады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates