Ташкент қаласының әкімі Башқұртстан Республикасының делегациясымен кездесті

    Үстіміздегі жылдың 23 апрелінде Ташкент қаласының әкімі Шавкат Умирзаков Башқұртстан Үкіметінің Премьер-министрі Андрей Назаров басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Ш. Умирзаков қонақтарға Ташкент қаласындағы инвестициялық мүмкіндіктер мен қолайлылықтар, онда жүзеге асырылуы жоспарланған ірі жобалар, сондай-ақ әкімінің құрылтайшылыәымен құрылған «Ташкент Инвест Компаниясы» АҚ-ның міндеті мен қызметі туралы ақпарат берді.

    Ол елдеріміз арасындағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, қаламыздағы халық санының өсуіне байланысты тиісті инфрақұрылымдық және әлеуметтік шешімдер қажет екенін жеткізді.

    Өз кезегінде, А. Назаров та географиялық орналасуы, сауда-өнеркәсіп мүмкіндіктері орай Ташкент қаласының болашағы зор әрі сенімді серіктес екенін мойындап, қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды бірнеше есе кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айтты.

    Диалог барысында А. Назаров Башқұртстан Республикасының мүмкіндіктерін таныстырып, өзара ынтымақтастықты дамытуда бауырластық байланыстарды орнату, жол картасын жасау, республиканың Өзбекстанда өкілеттігін ашудан бастауды ұсынды. Сонымен қатар, ол «Ташкент Инвест Компаниясы» АҚ-ның қызметімен жан-жақты танысуға қызығушылық танытты.

    Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыруға келісті және екі жақтан жауапты тұлғаларды тағайындады, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates