Мемлекет басшысы сөзінің басында Ташкент қаласының жұртшылығымен жүздесуіне көңілі толатынын айтып, өзекті мәселелерге тоқталды. Әлемдегі, оның ішінде серіктес елдердегі жағдайдың экономикаға және халықтың кірісіне кері әсерін азайту маңызды міндеттердің бірі екені сөз болды.
– Кез келген ғимарат сыртқы әсерге төтеп беруі үшін оның іргетасы берік болуы керек. Еліміздің іргетасы – махалла. Махалланың экономикалық негізі берік болса, халықтың табысы көбейіп, жақсы тұруға үйі болса, балаларын оқытатын жағдай болса, ертеңі тыныш болса, тұрақтылық орнайды, – деді Шавкат Мирзиёев.
Осы тұрғыдан алғанда шенеуніктер қызметіндегі осал тұстар мен аудандарда пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер көрсетілді.
Мысалы, Ташкент қаласында жоба жасағысы келетін инвесторлар мен кәсіпкерлер көп. Бірақ бұл үшін жер жеткіліксіз. Оларға пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік тіркеуден өткізіп, 979 жер телімін аукционға қойып, ауыл шаруашылығынан өндірістік және елді мекендік санатқа ауыстырылған 175 гектар жерді беру арқылы жағдай жасауға болады.
«Янгихаёт» ауданында 764 гектар жерге «Янги авлод» арнайы индустриялық аймағы құрылуда. Онда шетелдік және отандық бизнесмендер 2,5 миллиард доллардың жобаларын жүзеге асыруға ұсыныстарын білдірген. Бұл аймақтың одан да көп жобаларды орналастыру арқылы ондаған мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндігі бар.
Экономикалық белсенді халықтың 80 мыңы жұмысқа мұқтаж. Бұл ретте Ташкент қаласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 98 мың бос жұмыс орны бар.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысты ауыздықтау жұмысын жаңа көзқарас негізінде қайта қарау қажет.
Ташкент қаласы тұрғындарының тұрмысын одан әрі жақсарту үшін атқарылатын осындай істер көп. Сондықтан сессияда ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Ташкент қаласы әкімі лауазымына қазірде әкімінің міндетін атқарушы болып істеп келген Шавкат Умурзақов ұсынды.
Ш. Умурзақов 1979 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы прокуратура жүйесінде қызмет еткен. 2018-2023 жылдары «Узавтосаноат» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды. Ол өткен жылдың наурыз айынан бері Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарып келеді. Оның бір жыл ішінде атқарған жұмыстарына баға беруге жергілікті кеңес депутаттарының да мүмкіндігі жеткілікті болды.
Халық депутаттары мен қоғам өкілдері сөз сөйлеп, кандидат туралы өз пікірлерін білдірді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Шавкат Умурзақов Ташкент қаласының әкімі болып тағайындалды.
Президент Ташкентте нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндіктер, ресурстар, жағдайлар жеткілікті екенін, ол үшін қала, аудан әкімдері, шаруашылық кешені өкілдері оянып, үлкен мақсаттарға қол жеткізіп, аянбай тер төгулері керектігін айтты.
Жиында «Юнусабад» ауданы мысалында қаланың экономикалық және әлеуметтік даму мүмкіндіктері сараланды.
Кейінгі жеті жылда ауданға 1 миллиард 700 миллион доллар шетелдік инвестиция тартылып, кәсіпорын, сауда, қызмет көрсету нысандары 3,5 мыңға, жұмыс орындары 20 мыңға артты. 6 мың пәтерлі жаңа үйлер салынып, 8 мың жаңа оқушы орын ашылды, 3 жоғары оқу орны ашылды.
«Юнусабад» аумағы жөнінен Ташкент қаласында бірінші, ал халық саны бойынша екінші орында. Ауданда 64 ықшам аудан болса, онда 376 мың адам тұрады.
Аумақтың салық түсімдері бойынша көш бастап тұр. Бірақ ол жан басына шаққанда жоғары емес. Ташкент қаласында өнеркәсібіндегі ауданның үлесі соңғы орында.
Осылардың негізінде халықтың табысын арттырудың пайдаланылмаған мүмкіндіктері көрсетілді.
Атап айтқанда, «Юнусабад» ауданындағы 9 банк бөлімшесі олардың ірі клиенттері мен 64 махалла арасында «көпір» болмақ. Ондағы отбасыларының табысы көбейсе, банктің клиенті болып табылатын кәсіпкердің өніміне сұраныс артады. Бұдан кәсіпкер де, банк те ұтады.
Қазір банктерге халықтың табысын арттыру және аудан экономикасының тұрақты өсуі үшін жаңа міндеттер жүктелді. Жұмыс орындарын ашатын клиенттер үшін несие пайызы төмендетілді. Әкімнің көмекшілері кәсіпкерлер сұранысына орай жұмыссыздарды оқытады.
Осыған байланысты шенеуніктерге «Юнусабад тәжірибесін» іске қосу туралы тапсырма берілді.
«Юнусабад» Ташкент қаласының ең қолайлы жерінде орналасқандықтан, «өсу нүктесі» бизнес екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңа инвестиция ағыны бойынша жағдай жасау үшін ескірген ғимараттардың немесе мемлекеттік мекемелердің орнына заманауи сауда, сервистік және қоғамдық тамақтандыру жобаларын жүзеге асыруға болады. Нәтижесінде 7 мың жалақысы жоғары жұмыс орны ашылады.
Жер төтенше шектеулі жағдайында қолданыстағы инфрақұрылымды тік өсіру арқылы өнеркәсіп пен сауданы дамыту қажет. Атап айтқанда, қабат-қабат әдіспен диқан базарларын кеңейтуге жағдай жасау керек. Сондай-ақ, шағын индустриялық аймақтағы ғимараттарды 3-4 қабатты етіп, қайта жаңғырту есебінен қосымша 200 мың шаршы метр пайда болады.
Әлеуметтік саладағы жеке серіктестік жобаларын ұлғайту арқылы мыңдаған жұмыс орындарын ашуға болады. Мәселен, 7-санды қалалық аурухананың жаңа ғимаратының құрылысына байланысты босатылатын жерге кореялық инвесторлар 420 төсек-орынды көпсалалы емхана салу туралы бастама көтерді.
Жалпы, зерттеулерге сүйенсек, «Юнусабадта» 600 миллион доллар инвестиция және 35 мың жоғары табысты жұмыс мүмкіндігі анықталған.
Үкіметке барлық аудандарды осылай зерттеп, Ташкент қаласында 250 мың жоғары кірісті жұмыс орнын ашу, 2 миллиард доллар инвестиция тарту шараларын қабылдау тапсырылды.
Өнеркәсіпке, инфрақұрылымға, кәсіпкерлік пен коммуналдық салаға озық шетелдік тәжірибені енгізу міндеті қойылды.
Сондай-ақ, елді мекендердегі абаттандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Махалла төрағалары мен ақсақалдар ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, көшелер мен аулаларға гүл егіп, ағаш отырғызып, тазарту және ретке келтіру жұмыстарына бас-көз болу керектігі айтылды.
Осы бағыттағы белсенділікті ынталандыру мақсатында Мемлекет басшысы байқау өткізіп, жыл соңына дейін ең үлгілі махаллаға электромобиль беруді ұсынды. Бұл ұсыныс қолдау тапты.
Кездесуден кейін Президент Халық қалаулылары,махалла төрағалары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жастармен сұхбаттасты.