Ташкент қаласында өткен «Ішкі туризм жәрмеңкесі»

    Ташкент қаласындағы «Сүзік ата» кешенінде кең қамтулы жәрмеңке ұйымдастырылды.

    Шараның мақсаты – саяхатшыларға ішкі туризм бағытындағы туроператорлардың өнімдерін таныстыру, жаңа ынтымақтастық байланысты орнату, зиярат және медицналық туризмді дамыту.

    Бұл жәрмеңкеге елімізде жұмыс жүргізетін кәсіпкерлік субъектілерінің, кәсіподақ ұйымдардың, туризм саласындағы жоғары және орта-арнаулы оқу орындарының, коммерциялық банк және сақтандыру компанияларының, тағы басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

    Ішкі турзим бағытында жұмыс жүргізетін кәсіпорын мен ұйыидардың ынтымақтастығында «кәсіпкер мен кәсіпкер» (В2В) және «кәсіпкер мен клиент» (В2) механизмдері негізінде кездесулер ұйымдастырылып, келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.