Ташкент қаласына кіруге шектеулер қандай жағдайларға енгізілмейтіні белгіленді

    Қауіпсіздік 25 Iyun 2021 836

    Үстіміздегі жылдың 28 июнінен 12 июліне дейін Ташкент қаласына көрші облыстардан автотранспорт (автобус, автомобиль) құралдары арқылы өте қажеттілік болмаған жағдайларда кіру бойынша шектеулер орнатылды.

    Бұл шектеу төмендегі жағдайларға енгізілмейтіндігі белгіленді:

    Ташкент қаласында тұрақты жасайтын (тіркеуден өткен) тұлғаларға;

    Ташкент қаласында тұрақты жасайтын (тіркеуден өткен) шетел азаматтарына;

    емделу үшін келе жатқан тұлғаларға;

    Ташкент қаласында тұрақты қызмет көрсететін аумақтардан келетін тұлғаларға (жұмыс орны туралы растайтын құжат болған жағдайда);

    Ташкент халықаралық аэропорты арқылы шетелге ұшып кететін тұлғаларға (авибилет болған жағдайда );

    Өзбекстан Республикасына саяхатшы болып келген шетел азаматтарына және оларды алып келе жатқан автотранспорт құралының жүргізушісіне, сондай-ақ егер топтық құрам болса, аудармашы немесе туристік фирма өкіліне;

    барша түрдегі жүк тасымалдау , сонымен қатар, құрылыс материалдарымен (құм, шағал,т.б) байланысты жағдайларға, жетістірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін кез келген автотранспорт құралдарында, сондай-ақ “Ўзбекистон почтаси” АҚ-ның пошта жөнелтімдерін тасымалдаумен байланысты жағдайларға;

    денсаулық сақтау жүйесі және санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандарына.

    Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус пандемиясының кейінгі толқыны пайда болуының алдын алу мақсатында тұрғындардан белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға мойынсұнуларын және вакцина

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates