Ташкент медициналық академиясының делегациясы Үндістанда

    Сапарының бірінші аптасында олар Ражамундрай қаласындағы GSL Медициналық университетінің негізін қалаушы доктор Ганни Бхаскармен және кафедра меңгерушілерімен кездесті.

    Үстіміздегі жылдың 14 декабрь күні Ташкент медицина академиясының делегациясы Үндістандағы оқу үдерісін зерделеу мақсатында Ражамундрай қаласына аттанған-тұғын.

    Сапарының бірінші аптасында олар Ражамундрай қаласындағы GSL Медициналық университетінің негізін қалаушы доктор Ганни Бхаскармен және кафедра меңгерушілерімен кездесті.

    Делегация мүшелері үшін университет кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. 24/7 режімінде жұмыс істейтін «Green Library-дің» «Simulation center» жақынан танысты.

    Сондай-ақ, университеттің Анатомия, Микробиология, Патологиялық Анатомия, Биофизика, Биологиялық химия кафедраларының оқу жүйесі зерттелді.

    Олар «Competency Based Medical education», «Soft skills» тақырыптар бойынша интербелсенді сабақтарға қатысты. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасты студенттерге үйретудің заманауи әдістерімен таныстырды.

    Сонымен қатар, университет жанындағы GSL ауруханасының әкімшілігі, Ішкі аурулар, реанимация, кардиология, нефрология, хирургия кафедраларында емдеу үдерісі, науқастың қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырушылық үдерістерді үйренді.

    23 декабрьде GSL Дентал университетінің түлектерінің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шара Ташкент медицина академиясының делегациясына үлкен әсер қалдырды.

    Парламент мүшесі, Ражамундрай қаласының әкімі, Университет профессор-оқытушылары қатысқан салтанатты шарада Өзбекстаннан келген қонақтарға арнайы сертификаттар тапсырылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates