Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі тілшісі хабарлады.

Компания мәліметіне орай, аталған бағытта аптасына үш рейс жоспарланған. Атап айтқанда, ұшақтар дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Әуе билеттерінің бағасы 2,2 миллион сумнан (шамамен 90 мың теңге) басталады. Билеттерді компанияның ресми сайтынан және арнайы сату кеңселерінен сатып алуға болады.

Сондай-ақ  үстіміздегі жылдың 30 наурызынан бастап «Ташкент — Атырау — Ташкент» бағыты бойынша да жаңа рейс іске қосылады.

Бұдан тыс, өткен жылдың желтоқсан айынан бері SCAT әуе компаниясының ұшақтары Түркістан қаласынан Өзбекстанның Үргеніш, Бұхара және Самарқант қалаларына тікелей рейстер орындап келеді. Бұл туралы oz.inform.kz хабарлады.

Айта кетерлік жайт, бұған дейін осы жылдың қаңтар айында 88 мыңнан астам қазақстандық Өзбекстанға саяхат жасағаны хабарланған еді.