Халықты әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі жүйені цифрландыру, әлеуметтік қызметтердің түрі мен сапасын арттыру бойынша нәтижелі жұмыс ұйымдастыруда.
Атап айтқанда, Президенттің 2024 жылғы 18 июліндегі тиісті қаулысына орай енгізілген «Әлеуметтік карта» ақпараттық жүйесі де осы бағыттағы маңызды жаңалық.
«Әлеуметтік карта» бір уақыттың өзінде төлем құралы және мұқтаждар санатына жататынын растау болып табылады. Нәтижесінде 72 түрдегі әлеуметтік қызмет, 76 көмек түрі және 200-ге жуық жеңілдетілген бірыңғай электронды жүйеде жинақталатын болады.
Қазірде Жаңажол ауданында азаматтар «Әлеуметтік картадан» пайдалануда. Республиканың қалған барлық аумандарында да осы жылдың 1 июлінен бастап, аталмыш жоба енгізіледі.
Әлеуметтік картаны беруге және одан пайдалануға өтініштерді Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы, «Әлеуметтік карта» мобильді қосымшасы, «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсыруға болады.