Ташкент облысындағы тәлімі жерлерде экспортталатын жүзім өсіру қолға алынады

    Бүгінде әлемдегі климаттың өзгеруі, халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыру сынды жаһандық мәселелер барлық елдермен қатар еліміздің экономикасын, әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды.

    Атап айтқанда, бұл тұрғыда жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жер-су ресурстарын тиімді пайдалану, ресурстық тиімді технологиялардың енгізілуін қаржылық қолдап-қуаттау, инвестицияларды тартудың ашық ортасын жарату, кластерлер мен кооперация құрылымдарын дамыту бойынша қабылданған құжаттар соның қатарында.

    Осыған орай Ташкент облысында да көптеген іс-шаралар орындалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сентябрь-октябрь айларында Жұмысшы топ облыстың 15 ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы қосымша мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың ағымдағы жай-күйін зерделеді.

    Зерттеу барысында анықталған кемшіліктер сол жердің өзіңде шешіліп, бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында 40-тан астам ұсыныс дайындалды.

    Онда жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану, заманалық бау-бақша мен жүзімдіктерді құру және интенсивті көкөніс шаруашылығын жолға қою арқылы өнімділікті арттыру, ішкі базардың сұранысын қанағаттандыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған жоспарлар үстем бағыт ретінде белгіленген.

    Ақпарат үшін айта кетейік, 2021 жылы облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің еліміздің аграрлық секторындағы үлесі 9,9 пайызды (құны 24 триллион 596 миллиард сум) құрайды.

    Облыстың Ахангаран, Ташкент, Зеңгіата, Паркент, Жаңажол, Қыбырай аудандарында интенсивті әдісте картоп, бақша және жеміс-көкөніске, Бостандық, Жаңажол, Ахангаран, Паркент, Бөке, Бекабад, Шыназ, сондай-ақ Аққорған жеміс-жидек, дәнді және бұршақ дақылдарына, Паркент, Қыбырай және Піскент жүзім өсіруге, Орташыршық, Ташкент және Бостандық аудандары картоп өсіруге мамандандырылған.

    Сондай-ақ Ахангаран мемлекеттік орман шаруашылығының 20 мың гектар жайылымдық жерлері аудандық резервке қайтарылуда.

    2023-2025 жылдары ауыл шаруашылығын дамыту бойынша іс-шараларға сәйкес, жалпы құны 441 миллиард сум және 4 миллион доллар болатын 25 жоба қарастырылып, 68 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, 24 мың 798 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

    Сондай-ақ Бекабадта 1800 гектар, Бөкеде 2500 гектар, Бостандықта 1600 гектар, Шыназда 1800 гектар, Ташкент ауданында 1300 гектар, Қыбырайда 3500 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.

    Ахангаран ауданында 45 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін іс жүзіндік жұмыстар жүргізілуде.

    Сынақ ретінде «Тоштепа» су қоймасының құрылысы меклекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде кәсіпкермен тікелей келісімшарт жасау арқылы жүзеге асырылады.

    Жобаның бастапқы құны — 16 миллион долларды құрайды.

    “Тоштепа” су қоймасына іргелес аумақтарда су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен 5 мың гектар, 20 дана сусорғыш орнату және 78 дана тік ұңғымаларды салу есебінен 7,5 мың гектар, ирригация тармақтарын тіктеу және құру есебінен 2,5 мың гектар, жалпы 15 мың гектар жерде су құбыры жақсартылып, пайдалануға беріледі.

    Ахангаран ауданының тәлімі егін алқаптарында жер асты суын пайдалана отырып, суды үнемдейтін Израиль технологиясы негізінде экспортқа шығарылатын өнім өндіретін заманалық жүзім плантациялары құрылады.

    Жайылымдық өсімдіктердің тұқым шаруашылығын құру, суды аз қажет ететін дәнді, майлы, бұршақ және азықтық дақылдарды өсіру, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер плантацияларын құру есебінен 30 мың гектар шаруашылық және дәрілік өсімдіктерді өсіру жобалары жүзеге асырылады.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 декабрьдегі 435-санды қаулысының орындалуын қамтамасыз ету және облыста қолайлы агробизнес ортасын жаратуды ұйымдастыру, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев тиісті құжатқа қол қойды.