Шавкат Мирзияев Ташкент облысында өнеркәсіпті дамыту бойынша кеңес өткізді

    Билік 10 Avgust 2021 3133

    10 тамызда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент облысында өнеркәсіпті дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

    Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 7,7 трлн сумдық өнім дайндалып, өсу қарқыны шамамен 4,6%-ға жоғарылаған. Бірақ бұл елдегі орташа көрсеткіштен төмен. Сондықтан жыл соңына дейін жалпы көлемі 18 триллион сомды құрайтын өнім өндіру арқылы, жылдық өсуді 8,5% жеткізу жоспарланып отыр.

    Осы мақсатта жаңа жобаларды іске асыру, қуаты аз немесе тоқтап тұрған кәсіпорындарды қолдау, бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану арқылы аймақтық индустрияны дамыту басты мақсат болып табылады. Көлік және логистика, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында да басым бағыттар нақтыланды.

    Кездесуде осы салалар бойынша жүзеге асырылатын перспективалы жобалар таныстырылды және облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы мүмкіндіктер талқыланды.

    Атап айтқанда, Зәңгіата ауданында 1494 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Биылғы жылдың алты айында осы кәсіпорындардан 600 миллиард сумға жуық өнім шығарылды. Сонымен қатар 15 жоба жүзеге асатын болып, 51 миллиард сумдық қуаттылығы артады.

    Осы аудандағы өндіріс орталығы жобасына назар аударсақ, 116 гектар аумаққа салынатын бұл индустриалды аймақта 165 жобаны орналастыру көзделген. Нәтижесінде 12 мың жұмыс орны ашылады, 48 миллион долларлық өнім экспортталады және 9 миллион долларлық импорт өнімнің орнын басуы есептелген.

    Ангрендегі кәсіпорындар саны салыстырмалы түрде аз - 577, бірақ олардың әлеуеті жоғары. Ташкент облысының өнеркәсіп көлеміндегі қаланың үлесі 28% құрайды. Биылғы жылдың алты айында мұнда 2 триллион сумнан астам өнім шығарылды. Екінші жартыжылдықта тағы 15 жоба іске қосылады.

    Сонымен қатар, құны 560 миллион доллар болатын 124 жоба қалыптасты. Нәтижесінде 39 мың жұмыс орны мен 3 триллион сумдық өндірістік қуатты құру жоспарлануда.

    Ташкент ауданында құны 335 миллиард сумдық 32 жобаны және Шыршық қаласында 422 миллиард сумдық 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

    Мемлекет басшысы Ташкент облысындағы мүмкіндіктер дұрыс пайдаланылмай жатқанын айтып, өнеркәсіптік сектордағы жаңа жобалардың санын көбейтудің, қосылған құнға ие өнім өндірудің маңыздылығына тоқталды. Жыл соңына дейін өңірлік өнеркәсіп көлемін 40%-ға арттыру міндеті қойылды.

    Қолданыстағы зауыттардың қызметін кеңейту, дамымаған аудандарда кәсіпорындар құру, жол бойындағы қызметтерді дамыту бойынша тапсырмалар берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates